28
январь
2022
Сұлтанғазиев Әділғазы Өкенұлы
Сұлтанғазиев Әділғазы Өкенұлы 1968 жылы 10 шілдеде Панфилов ауданына қарасты Басши ауылында дүниеге келген. 1985 жылы туған ауылындағы Калинин орта мектебін бітірді. 1986-88 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеді. 1994 жылы Талдықорған педагогикалық институтын бітіріп, өмір жолы 5-6 сөйлемнен ғана тұратын атпал азамат ұстаздық еңбек жолын бастаған Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде үзіліссіз 27 жыл еңбек етті. Өз мамандығына аса берілген, жауапкершілігі зор Әділғазы Өкенұлы дене шынықтыру пәнінің нағыз майталман ұстазы болды. Мектепте "Баскетбол" үйірмесін жылдар бойы жүргізген ол талай-талай шәкірттерін биік белестерге жеткізді. Баскетболдан оқушылары қала құрамасына алынып, облыстық, республикалық жарыстарға қатысты. 2013 жылы Сарқан қаласында өткізілген Алматы облысының чемпионатында І орын, Қазақстан Республикасы чемпионатында ІІІ орын және қыздар құрамасы 2017 жылы "Жетісу кубогы" жарысында ІІІ орынға ие болған. Әділғазы Өкенұлы тәрбиелеген шәкірттері Абылай Қабдұлкәрім, Шыңғыс Сабыржан баскетболдан "ҚР Спорт шеберлігіне үміткер" атақтарын алды. Талай шәкірттері республикалық арнайы спорт мектебінің "Спорттық ойындар, баскетбол" тобына қабылданса, Г.Сәмбетбаева, А.Қанжығалы сынды шәкірттері жоғары оқу орындарына "Дене шынықтыру мамандығы" бойынша оқу гранты иегері атанды.
Әділғазының көп жылғы еңбегі ескерусіз де қалмады. Алматы облыстық білім басқармасының, облыстық ата-аналар комитетінің, өңірлік оқу-әдістемелік орталығының Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Осындай білікті ұстаз, ардақты әке Әділғазы Өкенұлы 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген. Үшеуі де әкелері еңбек еткен мектептің түлектері, оқуда озат, сыныптан тыс жұмыстарда аса белсенді болды.
Әділғазы Өкенұлы 2021 жылдың 13 сәуір күні 10 жыл бойы айналдырған ауыр дерттен дүниеден озды. Иманы жолдас болсын...