Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Медицина қызметкерлерімен кезекті кездесу
14
март
2023
Медицина қызметкерлерімен кезекті кездесу
Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай 13.03.2023 күні мектебіміздің 7 сынып оқушыларымен Жетісу облыстық фтизиопульмонология орталының туб.диспансер фтизиатр-дәрігері Базарбаев Мәлік Базарбайұлы, қалалық емхана медбикесі "СӨС" орталығы маманы С.Е.Тұтқабаева және мектеп медбикесі А.Қайыпбайқызы «Туберкулездің алдын алу. Туберкулезді емдеуге болады!» және "Нашақорлықтан аулақ болайық" тақырыптарында семинар-дәріс өткізді. Аталмыш шараның негізгі мақсаты: алдын алу іс-шараларын күшейту
"Алтын түлек" олимпиадасында І орын!
14
март
2023
"Алтын түлек" олимпиадасында І орын!
10-11 сынып оқушыларына арналған "АЛТЫН ТҮЛЕК" математикалық олимпиадасының РЕСПУБЛИКАЛЫҚ кезеңінде 11а сынып оқушысы Өмірхан Сабина І орынға ие болды. Жетекшісі математика пәні мұғалімі Маржан Исабаева. Құттықтаймыз!  
«ROBOTEK GRANT TOURNAMENT» турнирінде ІІ орын!
13
март
2023
«ROBOTEK GRANT TOURNAMENT» турнирінде ІІ орын!
«ROBOTEK GRANT TOURNAMENT» республикалық турнирінің қалалық кезеңінде 8 сынып оқушылары Таңатаров Еркебұлан мен Ерланұлы Әбдікәрім жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшілері информатика пәнінің мұғалімдері Б.Дүзгенбаева мен Ә.Қалиева. Құттықтаймыз!  
Қалалық ойындарда ІІІ орын!
11
март
2023
Қалалық ойындарда ІІІ орын!
Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесі қарсаңында Талдықорған қаласының орта мектептерінің бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілген "Көңілді сөре" атты спорттық ойындарда оқушыларымыз ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!  
6-7 сынып оқушыларымен жиналыс
10
март
2023
6-7 сынып оқушыларымен жиналыс
Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ УИ полиция аға лейтенанты Д.А.Турсынова және Талдықорған қаласы Б.Жолбарыс атындағы #18 мектеп-лицейінің әкімшілігімен бірлесіп 6-7 сыныптар арасында құқық бұзушылықтың және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441,442,434 баптарымен таныстырылып, оқушыларға түсіндірілді. Ағымдағы жылдың 27 ақпаннан 10 наурызға дейін заңсыз айналымнан қаруды және оқ-дәрілерді алуға, сондай-ақ оның иелерінің қаруды сақтауын тексеруге бағытталған өңірлік "Қару" жедел-профилактикалық
«Ана деген - тіршіліктің тірегі» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды
09
март
2023
«Ана деген - тіршіліктің тірегі» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды
2023 жылдың 7 наурыз күні мектебіміздің 10 сынып оқушылары нәзік жанды ұстаздарымыз бен кіші қызметкерлерді 8 наурыз - Халыкаралық қыздар күнімен құттықтау мақсатында «Ана деген - тіршіліктің тірегі» атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Шара барысында мектеп директоры Шалқар Мелісұлы бірқатар ұстаздар мен қызметкерлерді түрлі дәрежедегі Құрмет грамоталарымен марапаттап, жылы лебізін білдірді. Оқушыларымыз ән мен биден шашу шашып, өз өнерлерін ортаға салды.
Мектебіміздің ұлағатты ұстаздары марапатталды!
09
март
2023
Мектебіміздің ұлағатты ұстаздары марапатталды!
Бастауыш сынып мұғалімі Лаубаева Айнұр Ысқаққызы Жетісу облысы Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталса, директордың орынбасары, химия пәнінің мұғалімі Қалипанова Айгүл Тоқтарбекқызы мен бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Қамаш Ануарбекқызы Жетісу облыстық мәслихатының Алғыс хаттарымен марапатталды. Құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жана берсін!  
«Ана өмірдің шуағы, қыз өмірдің қызғалдағы»
08
март
2023
«Ана өмірдің шуағы, қыз өмірдің қызғалдағы»
2023 жылдың 6–7 наурыз күндері 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана өмірдің шуағы, қыз өмірдің қызғалдағы» атты мерекелік ертеңгіліктер өткізілді. Мақсаты: Мереке жайлы мәлімет беру, анаға, қыздарға деген сыйластықты арттыру, мерекелік көңіл күй тудыру, ізеттілік пен сыйластыққа, рахымшылыққа тәрбиелеу. Шара барысында сыныптың ұлдары қыздарды мерекелерімен құттықтап, өнерлерін ортаға салып, ізгі тілектерін білдірді.  
"Бала және бағдаршам"
08
март
2023
"Бала және бағдаршам"
Жетісу облысы бойынша ағымдағы жылдың 27 ақпан мен 19 наурыз аралығында "Бала және бағдаршам" жобасы жүргізілуде. Осы орайда Талдықорған ҚПБ патрульдік полиция ротасының аға лейтенанттары Нығмет Азат Абзалұлы мен Карабаланов Айдар Амирханович және мектебіміздің жас кадеттері жол ережесін сақтау туралы дәріс сағаттарын өткізді. Жобаның негізгі мақсаты: Балаларға жол қозғалысының қауіпсіздік негіздерін насихаттау және қала көшелерінің қауіпсіз әрекет дағдыларын үйрету, сондай-ақ салауатты өмір
АӘТД пәнінің оқытушысы Мустафинов Бауыржан Нұрланұлы марапатталды!
07
март
2023
АӘТД пәнінің оқытушысы Мустафинов Бауыржан Нұрланұлы марапатталды!
Мектебіміздің АӘТД пәнінің оқытушысы Мустафинов Бауыржан Нұрланұлы қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор А.Джумакеевтың Алғыс хатымен және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің мерейлі 30 жылдық төсбелгісімен марапатталды. Құттықтаймыз! Еңбегіңіз өрлей берсін!