“Күз бояулары” - Үздіктері марапатталды!
Мектебімізде “Алтын күз-2024” жоспарына сай 6-7 сыныптар арасында “Күз бояулары” атты плакатқа сурет салу байқауы өткізілді. Нәтижесінде 7 сыныптар арасында Бас жүлдеге 7ә сыныбы, І орынға 7б, ІІ орынға 7в сыныбы және ІІІ орынға 7а мен 7г сыныптары ие болса, 6 сыныптар арасында Бас жүлдеге 6в сыныбы, І орынға 6г, ІІ орынға 6б сыныбы және ІІІ орынға 6ә сыныбы ие болды. Жекелей сында 7в сынып оқушылары Мұрат Алихан мен Медетқызы Мединаның суреттері үздік деп танылды. Құттықтаймыз!