19
март
2025
"Наурыз аруы - 2025" сұлулық байқауында жүлде!
Қалалық "Наурыз аруы - 2025" сұлулық байқауында мектебіміздің 9ғ сынып оқушысы Сейдулла Айару «Әсемдік аруы» номинациясына ие болып, қала әкімі Ернат Бәзілдің қолынан марапатталды! Бұл – үлкен жетістік және айбынды жеңіс. Айарудың қажырлы еңбегі мен талантына шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз. Болашақта да оның жетістіктері көп болсын! Сонымен қатар Айарудың ата-анасына және көмектескен қолдау тобына алғысымызды білдіреміз. Құтты болсын!










