Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қалалық “Алтын сақа” нәтижесі
05
декабрь
2024
Қалалық “Алтын сақа” нәтижесі
Республикалық “Алтын сақа” математикалық пән олимпиадасының қалалық кезеңінен жүлделі орын алған мектебіміздің 3-6 сынып оқушыларын жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз! Өте жақсы нәтиже көрсеткендері үшін оқушыларымыз “Зерделі” ақыл-ой дамыту мектебінің дипломдарымен, сертификаттарымен марапатталды. Жарайсыздар! Жетекшілері: Ш.Мұхабаева, Р.Орынбекова, А.Ақтайлақ, Ж.Жаканова, Ұ.Талапбек.  
Республикалық “Әбіш оқулары” байқаунда ІІІ орын!
04
декабрь
2024
Республикалық “Әбіш оқулары” байқаунда ІІІ орын!
2024 жылдың 27-30 қараша аралығында Ақтау қаласында республикалық “Әбіш оқулары” байқауының қорытынды кезеңі өтті. Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым бағытында өнер көрсеткен мектебімздің 9- 11 сынып оқушылары ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Айкерім Жадрашова. Құттықтаймыз!
“Пікір-сайыс” турнирі өтті
03
декабрь
2024
“Пікір-сайыс” турнирі өтті
29.11.2024ж “Жас мамандар мектебі” жобасы аясында Жас мамандар арасында "Бағдарымыз - айқын, болашағымыз - жарқын!" атты “Пікір-сайыс” турнирі өтті. Әлемдік форматта өткен сайысқа “Адал жол”, “Адал ұрпақ“, “Үміт” топтары қатысып I, II, III орындармен марапатталды. Дебат клубы оқушылары дәріс алып, өз пікірлерімен бөлісті. https://www.instagram.com/p/DDAEVxiijeJ/
TOP IQ платформасы
02
декабрь
2024
TOP IQ платформасы
28 қараша күні TOP IQ медиа оқулығының мүмкіндіктері туралы педагогтерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тоpiq.kz – 1-11 сынып оқушыларына арналған электрондық оқулықтар платформасы. TOP IQ платформасының оқушыларға, мұғалімдерге, ата-анаға тиімділігі айтылып өтті. 
Тоғызқұмалақ жарысында ІІІ орынға ие болдық!
29
ноябрь
2024
Тоғызқұмалақ жарысында ІІІ орынға ие болдық!
Мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары “Ұлттық мектеп лигасы” аясында өткізілген Тоғызқұмалақ жарысында ІІІ орынға ие болды! Олар: Биқасым Аружан - 6а сыныбы, Күмісбек Айдем - 5ә сыныбы, Бектнұр Батыр - 5а сыныбы, Ердал Нұртас - 6а сыныбы. Жетекшісі ДШ пәнінің мұғалімі Айдар Шеңгелбаев. Құттықтаймыз!
“Жер сілкінісі кезіндегі әрекеттер“
28
ноябрь
2024
“Жер сілкінісі кезіндегі әрекеттер“
Талдықорған қаласының төтенше жағдайлар басқармасы 2024 жылдың 21 қараша күні сағат 11:00-де «ҚЫС-24» Республикалық командалық штабтық оқу шеңберінде азаматық қорғауды құлақтандыру жүйесінде тексеру жүргізуіне орай, мектебімізде жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау үшін, 21 қараша 2024 жылы сағат 11:00-де “Жер сілкінісі кезіндегі әрекеттер“ тақырыбында сейсможаттығу өткізіліп, ғимараттан адамдарды қауіпсіз жерге шығару жаттығулары орындалды. Ғимараттың әр қабатқа
"Bіlіmdі urpaq - el bolashaǵy" олимпиадасында І орын!
27
ноябрь
2024
"Bіlіmdі urpaq - el bolashaǵy" олимпиадасында І орын!
Мектебіміздің 9ғ сынып оқушысы Қалиасқар Аяжан тарих пәнінен өткен қалалық "Bіlіmdі urpaq - el bolashaǵy" олимпиадасында І орынға ие болды. Құттықтаймыз!  
Бракераж комиссиясының кезекті тексерісі болды
26
ноябрь
2024
Бракераж комиссиясының кезекті тексерісі болды
2024 жылдың 26 қараша күні бракераж комиссиясының кезекті тексерісі болды. Тексеру барысында мектеп асханасының ас әзірлеу блогының тазалығы, ас әзірлейтін ыдыстары, тамақтың сапасы мен мөлшері, тоңазытқыштың тазалығы, шикі өнімдерді сақтайтын қойманы және тағамға ас пісіруге қажетті тағамдардың жарамдылық мерзімін, ас мәзірінің дұрыс құрылуы мен нормаға сәйкестігі, дайын тамақтың каллориясы, асхананың тазалығы қаралды. 2 апталық мәзір, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай тамақ мөлшері,
Үстел теннисі жарысында І орын!
26
ноябрь
2024
Үстел теннисі жарысында І орын!
Мектебіміздің 7-8 сынып оқушылары "Ұлттық мектеп лигасы" аясында өткізілген Үстел теннисі жарысында І орынға ие болды! Олар: Аслимов Ислам - 8а сыныбы, Ерланқызы Балнұр - 7ә сыныбы, Сманов Дамир - 7ә сыныбы. Жетекшісі ДШ пәнінің мұғалімі Дархан Тоқжігітов. Құттықтаймыз!
"Адал азамат рухында ұрпақ тәрбиелеу"
25
ноябрь
2024
"Адал азамат рухында ұрпақ тәрбиелеу"
20.11.2024 күні "Әкелер мектебі" жобасы аясында "Адал азамат рухында ұрпақ тәрбиелеу" тақырыбында әкелер отырысы өткізілді. Ұйымдастырушылар Әдеп-құқық менторы М.Е.Сарсебаев пен әкелер кеңесі төрағасы А.Қожақов.