04
апрель
2025
Төтенше жағдайлар басқармасының мамандарымен кездесу өткізілді
📢04.04.2025 күні Б.Жолбарысұлы атындағы No18 орта мектеп-лицейінде Талдықорған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының АҚТ аға офицері Манасов Бауыржан Кендебайұлы мен АҚТ офицері Тлеубаев Ертарғын Ержанұлы 8-10 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Іс-шара барысында мамандар оқушыларға өрт қауіпсіздігі, тұрмыс-тіршілік (электр, терезе, самалдық) кезіндегі қауіпсіздік, жер сілкінісі, табиғи апаттар кезіндегі әрекет ету дағдылары және алғашқы медициналық көмек көрсету туралы пайдалы ақпараттар берді.
✅Оқушылар белсенді қатысып, қауіпсіздік ережелерін меңгеріп, түрлі жағдайлардағы әрекет ету тәсілдерімен танысты. Мұндай кездесулер оқушыларға тек білім ғана емес, сонымен қатар төтенше жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік береді. https://www.instagram.com/p/DICGE1qipYU/