18
февраль
2021
«Күш атасы - Қажымұқан»
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 2021 жылдың 9 ақпан күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері С.Амантайұлы мен Қ.Жұмабекұлының ұйымдастыруымен Қажымұқан Мұнайтпасұлының 150 жылдығына арналған «Күш атасы - Қажымұқан» тақырыбында 5 сыныптармен онлайн тәлім сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға күш иесі Қажымұқан атамыз жайлы түсінік беру, оның өмірі, спорттағы жетістіктері туралы білімдерін кеңейту. Ел намысын қорғайтын азамат болуға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.


