Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Көркем жазу” байқауында І орын
15
ноябрь
2024
“Көркем жазу” байқауында І орын
1ә сынып оқушысы Жексембек Айша Республикалық “Көркем жазу” байқауында І орынға ие болды. Жетекшісі Айтболатова Манат Серікқызы. Құттықтаймыз!  
«Жасанды интеллект көмегімен жұмыс процесін оңтайландыру»
14
ноябрь
2024
«Жасанды интеллект көмегімен жұмыс процесін оңтайландыру»
 «SCIENCE» озық педагогикалық тәжірибе мектебі магистрлері «Жасанды интеллект көмегімен жұмыс процесін оңтайландыру» тақырыбында мектепшілік семинар өткізді. Семинар барысында Абенова А.Б. «Білім берудегі жасанды интеллекттің мүмкіндіктері», Г.Оқап «Mozaweb және Corinth» құралдары арқылы сапалы білім беру жолдары», Қ.Жүнісбек «Математика сабағында “GeoGebra”бағдарламасының қолданылуы», С.М.Тлегенова «Gamma app» бағдарламасы арқылы презентация жасау, С.Тілеубек «Сабақ жоспарын құруда жасанды
“Күз бояулары”  - Үздіктері марапатталды!
13
ноябрь
2024
“Күз бояулары” - Үздіктері марапатталды!
Мектебімізде “Алтын күз-2024” жоспарына сай 6-7 сыныптар арасында “Күз бояулары” атты плакатқа сурет салу байқауы өткізілді. Нәтижесінде 7 сыныптар арасында Бас жүлдеге 7ә сыныбы, І орынға 7б, ІІ орынға 7в сыныбы және ІІІ орынға 7а мен 7г сыныптары ие болса, 6 сыныптар арасында Бас жүлдеге 6в сыныбы, І орынға 6г, ІІ орынға 6б сыныбы және ІІІ орынға 6ә сыныбы ие болды. Жекелей сында 7в сынып оқушылары Мұрат Алихан мен Медетқызы Мединаның суреттері үздік деп танылды. Құттықтаймыз!
Талдықорған қаласы прокуратурасы мектеп оқушыларымен кездесу өткізді
13
ноябрь
2024
Талдықорған қаласы прокуратурасы мектеп оқушыларымен кездесу өткізді
Қараша айының 12 күні Талдықорған қаласы прокуратурасы мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Оқушылармен кездесулер барысында қауіпсіздік, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ есірткінің зияны туралы тақырыптар талқыланады. Прокуратура өкілдері мен денсаулық сақтау өкілдері жасөспірімдердің хабардарлығын арттыру үшін негізгі қауіп-қатерлер мен қауіптерді түсіндіреді. Аталған тақырыптар бойынша олардың пікірін және түсінігін білу үшін сұрақтар қойылды. Бұл кездесу
“Балалар әдебиетінің хас шебері” атты облыстық байқауда ІІ орын!
12
ноябрь
2024
“Балалар әдебиетінің хас шебері” атты облыстық байқауда ІІ орын!
Облыстық Сәкен Сейфуллин атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен “Бір ел-бір кітап” республикалық акциясы аясында жазушы Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында өткізілген “Балалар әдебиетінің хас шебері” атты облыстық байқауда 6 “А” сынып оқушысы Ердал Нұртас жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жадрашова Айкерім Қанатқызы. Құттықтаймыз!
“Күзгі фотосессия” Үздіктері марапатталды
11
ноябрь
2024
“Күзгі фотосессия” Үздіктері марапатталды
“Алтын күз-2024” жоспарына сәйкес 3-4 сынып оқушылары арасында өткен “Күзгі фотосессия” фотосуреттер байқауының Үздіктері марапатталды. Құттықтаймыз!  
“Жеңіпаз” спорттық эстафеталық жарысындамыз
11
ноябрь
2024
“Жеңіпаз” спорттық эстафеталық жарысындамыз
“Жетісу әкелер мектебі” жобасы аясында ұйымдастырылған “Жеңіпаз” спорттық эстафеталық жарысында мектебіміздің әкелері номинациялық жүлдеге ие болып, ақшалай сыйлықпен марапатталды. Мектеп намысын қорғаған Тлеубаев Алтай Мансұрұлына, Ли Евгений Андреевичке, Тоқтамұрат Кенжетайұлына, Қанжығалы Айбекке, Абишев Кенжебайға мектеп әкімшілігі тарапынан өз алғысымызды білдіреміз. Жетекшілік еткен Бекзат Байжұманов. Құттықтаймыз!  
Мектебіміздің екі командасы да І орынға ие болды!
09
ноябрь
2024
Мектебіміздің екі командасы да І орынға ие болды!
Мектебіміздің екі командасы да І орынға ие болды! Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ШАХМАТТАН өткізілген ашық турнирде мектебіміздің 5-6 сыныптар командасы І орынға және 7-8 сыныптар командасы да І орынға ие болды. Жетекшісі ДШ пәнінің мұғалімі Айбек Базылжанов. Құттықтаймыз!  
“Күзгі фотосессия”
08
ноябрь
2024
“Күзгі фотосессия”
Мектебімізде “Алтын күз-2024” жоспарына сәйкес 3-4 сынып оқушылары арасында “Күзгі фотосессия” фотосуреттер байқауы өткізіліп, жеңімпаздары мен жүлдегерлер марапатталды.
Әлем біріншілігінде ІІ орын!
07
ноябрь
2024
Әлем біріншілігінде ІІ орын!
4б сыныбының оқушысы Ержанұлы Мадияр БАӘ Абу-Дабиде джиу-джитсудан өткен Әлем чемпионатында 2-орынға ие болды! Құттықтаймыз!