Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Qazaqsha mi battle“ - ІІІ орын!
14
декабрь
2024
“Qazaqsha mi battle“ - ІІІ орын!
Мектебіміздің "Асылтас" командасы облыстық “Qazaqsha mi battle“ Бейсен Құранбек кубогы байқауында жүлделі ІІІ орынға ие болды. Олар: Нұрқасым Мубина, Адельбаева Бибінұр, Абикенов Мәди, Данабай Айжан, Жақсылық Әбілмансұр. Жетекшісі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Арай Болысбекова. Құттықтаймыз!
"Ұлттық рух-Тәуелсіздік тірегі"
13
декабрь
2024
"Ұлттық рух-Тәуелсіздік тірегі"
Мектебімізде Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде 1-11 сыныптарында "Ұлттық рух-Тәуелсіздік тірегі" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халкына кызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білімдерін тереңдету.
“Су - тіршілік көзі”
12
декабрь
2024
“Су - тіршілік көзі”
Мектебімізде барлық сыныптарда “Су - тіршілік көзі”, “Судың маңызы және оны қорғау”, “Су құрылымы - табиғаттың сұлулығы” тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың бойына экологиялық тәрбиелеудің құрамдас бөліктерінің бірі – суды үнемді пайдалану мәдениетін қалыптастыру. Су ресурстарын ұтымды басқару әдістері болашақ ұрпақтың әл-ауқатын қамтамасыз етудің негізі болып табылатындығын түсіндіру.
ВАКАНСИЯ!!!
11
декабрь
2024
ВАКАНСИЯ!!!
"Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің «Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі» КММ-сі ENBEK. KZ. электронды биржасына, әлеуметтік желі нысандарына мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін бос лауазымға тағайындауға конкурс жариялайды! Конкурс Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 бұйрығы және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №432 бірлескен бұйрығына сәйкес
"Терроризм зардабын қаламаймыз!"
11
декабрь
2024
"Терроризм зардабын қаламаймыз!"
"Мектеп Парламенті" мүшелерінің ұйымдастыруымен "Терроризм зардабын қаламаймыз!" тақырыбында сурет салу науқаны жүргізілді. Мақсаты оқушыларға терроризмнің қоғамға, елге және жеке тұлғаларға тигізетін ауыр зардаптарын түсіндіру. Оқушыларды бейбітшілікке, татулыққа, қауіпсіз өмір салтына тәрбиелеу. Сурет арқылы қоғамды ынтымақтастыққа, бірлікке шақыру. Балаларға өз пікірін өнер арқылы жеткізуге мүмкіндік беру.
"Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу" декадасы жалғасуда
10
декабрь
2024
"Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу" декадасы
"Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу" декадасы аясында 10.12.2024 күні Талдықорған қаласы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Айтжанов Әділ мен мектебіміздің инспекторы, полиция аға лейтенанты Мужукова Меруерт Жумабекқызы және ДТЖ орынбасары Қ.Ж.Қуанышбаев пен Әдеп және құқық менторы М.Е.Сарсебаевтың қатысуымен 7-9 сынып оқушыларымен профилактикалық сағат жүргізілді.
“Мақатаев оқулары” байқауында жеңімпаз атандық!
09
декабрь
2024
“Мақатаев оқулары” байқауында жеңімпаз атандық!
Республикалық “Мақатаев оқулары” байқауында 3г сынып оқушылары үздік атанды. Бас жүлде - Турсынбай Динара, 1 орын - Калимғазы Кәусар, 1 орын - Құсайын Әлишер. Жетекшісі Айгерім Нусупова. Құттықтаймыз!
"Құқықбұзушылықтың алдын алу" декадасы жалғасуда
07
декабрь
2024
"Құқықбұзушылықтың алдын алу" декадасы жалғасуда
06.12.2024 күні Талдықорған қалалық полиция басқармасы криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция аға линтенаты Қаптағай Рысбек Ринатұлы мен мектебіміздің инспекторы, полиция аға лейтенанты Мужукова Меруерт Жумабекқызы және №18 мектеп-лицейінің әкімшілігі мен Әдеп және құқық менторы М.Е.Сарсебаевтың қатысуымен жоғары сынып оқушыларымен профилактикалық сағат жүргізілді. Шара барысында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, Маргинал жастары, буллингтің алдың алу, есірткі