10
апрель
2025
«Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, есірткінің заңсыз айналымына қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту»
Мектебімізде Жетісу облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Искакова Меруерт Сеитовна мен Жетісу облыстық Психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігері Максат Бейбітұлы Ерғабылов жас кадеттермен және 10 сынып оқушыларымен «Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, есірткінің заңсыз айналымына қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту» тақырыбында семинар өткізді.
- Семинар барысында оқушыларға нашақорлықтың зиянды әсерлері, есірткіге қарсы күрестің маңызы және заңсыз айналымға қатысудың салдары туралы ақпарат берілді. Жастардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ есірткімен байланысты қылмыстардың жауапкершілігі туралы түсіндірді.
- Кадет сыныбы оқушылары шағын көрініс қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Мұндай шаралар жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға және нашақорлықтың алдын алуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
- Біз осындай семинарлардың жиі өткізілуін қолдаймыз және жастарымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін бірге жұмыс істей беруге дайынбыз! https://www.instagram.com/p/DIRccESJ7TX/