Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қош келдің, Жаңа жыл!" атты Президенттік шырша өтті
24
декабрь
2024
"Қош келдің, Жаңа жыл!" атты Президенттік шырша өтті
24.12.2024 күні Талдықорғанда "Қош келдің, Жаңа жыл!" атты мерекелік шырша өтті Облыс әкімдігі мен білім басқармасы ұйымдастырған шараға 200 бала қатысты: аз қамтылған, көп балалы отбасылардан, жетім және қамқоршылықтағы, сондай-ақ оқу озаттары мен шығармашыл балалар.     Облыс әкімі балаларға планшет, рюкзак, тәттілер мен құттықтау қағаздарын сыйлады. Мереке ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен ойындар, би және театрландырылған қойылыммен жалғасты. 231 балаға тәтті сыйлықтар берілді. 
"Жас Сарбаз" әскери-спорттық ойындарда командамыз жүлделі ІІІ орынға ие болды.
23
декабрь
2024
"Жас Сарбаз" әскери-спорттық ойындарда командамыз жүлделі ІІІ орынға
Қалалық "Жас Сарбаз" әскери-спорттық ойындарда командамыз жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшілік еткендер АӘТД пәнінің оқытушылары Б.Байжұманов пен Ж.Жақабай. Құттықтаймыз!
20 минут әдеби кітап оқу
23
декабрь
2024
20 минут әдеби кітап оқу
Мектебімізде «Оқуға құштар мектеппіз!» жобасы бойынша аптасына бір мезет 20 минут әдеби кітап оқу науқаны жалғасып жатыр. Аталмыш жобаның мақсаты: Балалар мен жастардың оқуға құштар құзыреттіліктерін дамыту. Оқу мәдениеті мен оқу белсенділігін арттыру. ​https://www.instagram.com/p/DDtHIymtj3S/​​​
Қала әкімінің Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті
21
декабрь
2024
Қала әкімінің Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті
20.12.2024 күні Талдықорған қаласы, Өтенай ауылдық Мәдениет үйінде қала әкімінің Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. Арнайы әзірленген мерекелік бағдарламаның шымылдығын Талдықорған қаласы әкімі Ернат Бәзіл ашып, балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, сыйлықтар тарту етті. Мерекелік шараның жалғасы Алматы қаласынан арнайы келген цирк студиясының әртістері таңғажайып қойылымымен балаларды қуанттып, түрлі ән салып, би билеп, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Балалар әр
Кәсіптік бағдар және патриоттық тәрбие
20
декабрь
2024
Кәсіптік бағдар және патриоттық тәрбие
18.12.2024 күні Жетісу облысы Полиция департаменті Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының аға инспекторы полиция капитаны Бақытбек Дәуітбекұлы Маратов пен аталмыш басқарманың инспектор - полиграфологі полиция аға лейтенанты Абишев Ернар Нургалиулы мектебіміздің 11 сынып оқушыларымен кездесіп, кәсіптік бағдар берді. Сондай-ақ қазіргі кезде құқық қорғау органдары қызметінің алар орны мен маңыздылығы туралы айтып, жастарды елін сүйетін отаншыл, патриот, ержүректі болуға шақырды.  
“Асқар тау әке, Зерек бала” атты облыстық байқауында І орын!
19
декабрь
2024
“Асқар тау әке, Зерек бала” атты облыстық байқауында І орын!
Мектебіміздің “Әкелер мектебі” кеңесінің төрағасы Абылай Қожақов “Асқар тау әке, Зерек бала” атты облыстық байқауында І орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Ел болып “Ұстаз” фильмін тамашаладық!
18
декабрь
2024
Ел болып “Ұстаз” фильмін тамашаладық!
Елімізде марқұм журналист Бейсен Құранбектің идеясы негізінде «Ұстаз» атты фильмі жарыққа шықты. Көрерменге жол тартқан туындының сценариін Бейсен ағамыздың жары Гүлмира Зербай жазған. Ал режиссері жетісулық Ерлан Ошақбай. - Мен үшін фильм өте әсерге толы болды, әр көрерменнің жүрегіне жетті деп ойлаймын. Сондай-ақ бұл фильмде шәкірттеріміздің басты рөлдердің бірінде сомдап жүргендерін мақтанышпен айтқымыз келеді. (Естелік фото премьерадан)   
Республикалық "ҮЗДІК СЫНЫП" байқауында І орын!
18
декабрь
2024
Республикалық "ҮЗДІК СЫНЫП" байқауында І орын!
«ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ПСИХОТЕХНИКА» ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ұйымдастырған Республикалық "ҮЗДІК СЫНЫП" байқауында 9ғ сыныбы І орынға ие болды. Сынып жетекшісі Қ.Ж.Қуанышбаев. Ал осы байқауға қатысушыларды дайындауға қосқан үлесі үшін ұйымдастырушы-педагог Гүлдана Бейсенбай Алғыс хатқа ие болды. Алматы қаласы, 2024 жыл. Құттықтаймыз!
“Қарағаштағы білімнің қарашаңырағы”
17
декабрь
2024
“Қарағаштағы білімнің қарашаңырағы”
Жетісу өлкесіндегі алғашқы қазақ білім ордасы “Мамания” мектебінің ашылғанына 125 жыл толуына орай өткізілген “Қарағаштағы білімнің қарашаңырағы” атты облыстық білімгерлер байқауында мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Ахметханов Нұржан Дастанұлы командасымен жүлделі ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жансүгіров кенті, 2024 жыл.
"Тәуелсіздік кубогы” - ІІІ орын!
16
декабрь
2024
"Тәуелсіздік кубогы” - ІІІ орын!
Мектебіміздің "Алаш“ дебат клубының қыздары №125 мектепте өткен қалалық "Тәуелсіздік кубогы” дебаттық ойындарында ІІІ орынға ие болды. 9ғ сыныбы командасы /Сейдулла Айару мен Құралхан Айғаным/ және 9б сыныбы командасы /Ілияс Жаннұр мен Есенжолқызы Диана/. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Н.Д.Ахметханов. Құттықтаймыз!