Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ала доппен алға шыққандар!
13
январь
2019
Ала доппен алға шыққандар!
Мектебіміздің 8 сынып оқушылары Болатұлы Ықылас, Шарипханов Айдос, Қанжығалы Айбек, Тұрсынбеков Бақтияр футболдан қаламызда өткен облыстық жарыста І орынға ие болды! Ал Жәнібек Жоламан мен Сүттібаев Алинұр осы облыстық жарыста ІІІ орынға ие болды! Құттықтаймыз!
Талдықорғандық регбишілер топ жарды!
24
декабрь
2018
Талдықорғандық регбишілер топ жарды!
Талдықорғандық регбишілер Ресейдің Прокопьевск қаласында өткен "Кубок Содружества" атты Халықаралық жарыста І орынға ие болды! Солардың ішінде мектебіміздің 7в сынып оқушылары Кеңес Мансұр мен Ділдәбек Гүлназ жеңімпаз атанып, қаламыздың мерейін үстем етті. Құттықтаймыз!
Балуан қыздарымыз жарады!
23
декабрь
2018
Балуан қыздарымыз жарады!
Мектебіміздің 6ә сынып оқушылары Бағдатқызы Алуа мен Мустафина Айдина Белбеу күресінен Талдықорған қаласында өткен ашық біріншілік чемпионатында өз салмақ дәрежелерінде 1 орынға ие болды! Құттықтаймыз!
Республикалық байқаудан екі жүлде!
23
декабрь
2018
Республикалық байқаудан екі жүлде!
"Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!" атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы Республикалық өнер байқауында, "Жазбаша шығарма" номинациясы бойынша /ағылшын тілінде шығарма жазу/ мектебіміздің 8а сынып оқушылары Серікбек Жібек ІІІ дәрежедегі лауреат атанса, Есалы Диана І дәрежедегі дипломант атанды. Жетекшісі Айнұр Жұмағазықызы Каранеева. Құттықтаймыз!
"Менен де осы өмір өтті..."
18
декабрь
2018
"Менен де осы өмір өтті..."
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 7 желтоқсан күні ҚР Жазушылар одағының мүшесі ақын Есенқұл Жақыпбековтың туғанына 65 жыл толуына орай "Менен де осы өмір өтті..." атты әдеби-танымдық еске алу кеші өткізілді. Кеш барысында өнерлі оқушыларымыз ақын өлеңдерің жатқа айтып, өлеңдеріне жазылған әндерін шырқап көрермендер көңілін бір сергітіп тастады. Қатысқан қонақтар кеш өте әсерлі болды деп, өз ризашылықтарын білдірді.
"Táýelsizdik tuģyrym!" атты тапқырлар сайысы
15
декабрь
2018
"Táýelsizdik tuģyrym!" атты тапқырлар сайысы
Үстіміздегі жылдың 14 желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне орай 9 сыныптар арасында "Тәуелсіздік тұғырым!" атты тапқырлар сайысы өткізілді. Осы жолы, сайыс ұлдар мен қыздар арасында өткізілді. Сайыс 3 кезеңнен тұрды: "Туелсіздік шежіресі", "Мені түсініп көр" және "Әуенді тап". Осы қызыққа толы тартыста ұлдар командасы жеңімпаз атанды. Барлық қатысушылар медальдармен марапатталды.
«Тәуелсіздік – Ұлы дала ұрпақтарына аманат»
15
декабрь
2018
«Тәуелсіздік – Ұлы дала ұрпақтарына аманат»
2018 жылдың 11-14 желтоқсан күндері аралығында мектебімізде ҚР Тәуелсіздігі күнін мерекелеуге орай «Тәуелсіздік – Ұлы дала ұрпақтарына аманат» ұранымен апталық өткізілді. Апталық аясында мектеп кітапханасында "Тәуелсіздік тірегіміз!" атты көрме ұйымдастырылды. Бастауыш сыныптарда "Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан!" тәлім сағаттары, 5-7 сыныптарда «Тәуелсіздік – Мәңгілік елдің тұғыры!» тақырыптарында сынып сағаттары, 8-11 сыныптарда «Қазақстан әлемдік қоғамдастық жолында» тақырыбында семинар
"Жеңісім саған арналады, Тәуелсіздік!"
15
декабрь
2018
"Жеңісім саған арналады, Тәуелсіздік!"
Мектебіміздің 5 сынып оқушылары Абай атындағы №1 мектеп-гимназиясында Тәуелсіздік күніне орай өткен эстафеталық жарыста ІІІ орынға ие болды! Құттықтаймыз!
Әсерге толы саяхат!
15
декабрь
2018
Әсерге толы саяхат!
13.12.18 күні Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласындағы "Тәрбие және білім" кіші бағдарламасының "Өлкетану" бағыты бойынша, ҚР Тәуелсіздік күніне орай қала мектептерінен әртүрлі санаттағы оқушыларынан 100-ге жуық оқушы Қаскелен, Жамбыл аудандарында орналасқан тарихи мұражайларға бір күндік танымдық саяхатқа барып келді. Оқушыларымыз өз кезектерінде осы бір саяхат өте әсерлі болды деп, алған білімдерімен бөлісті.
Oblystyq "Daryn" ģylymı baıqaýynda oqýshylarymyz top jardy!
15
декабрь
2018
Oblystyq "Daryn" ģylymı baıqaýynda oqýshylarymyz top jardy!
Республикалық "Дарын" ғылыми жоба байқауының облыстық кезеңінде оқушыларымыз өз білімдерін тағы да көрсете білді! Олар: информатика пәнінен 8 сынып оқушысы Рахимбекова Диана ІІІ орынға, химия пәнінен 11 сынып оқушысы Мейрамбек Медеу ІІ орынға және физикадан 9 сынып оқушысы Сайлаубай Әмір ІІ орынға ие болды! Құттықтаймыз! Шығар белестеріміз көп болсын!