16
февраль
2018
"Өмірге "Ия" деп айт!" атты Республикалық науқан
2018 жылдың 15 ақпан күні Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының ауқымды идеяларын білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыру мен "Рухани қазына" ішкі бағдарламасын орындау мақсатында және "Өмірге "Ия" деп айт!" атты Республикалық науқан шеңберінде мектебімізде 8-11 сынып оқушылары "Діни мәселелерді зерттеу орталығының" маманы, "Жетісу" телеарнасының тілшісі, "Жетісу" мешітінің имамы Қанат Маратұлымен кездесу өткізді. Аталмыш шарада оқушыларға өмірдің мәні мен құндылықтары туралы, дәстүрлі емес діни ағымдар, білім алудың шариғаттағы орны, сабырлық пен төзімділік туралы және қазіргі кездегі жастар тәрбиесіне қатысты терең түсінік берілді. Шара соңына қарай оқушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қонағымызға жолдап, толымды жауаптар алды.