17
февраль
2023
«Отбасы – сыйластық пен сенімділік мекені» ұранымен мектепішілік ата-аналар жиналысы
«Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жобасы аясында 17.02.2023 күні мектебімізде «Отбасы – сыйластық пен сенімділік мекені» ұранымен мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Аталмыш жиналысқа Жетісу облыстық Полиция департаменті қызметкері, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, подполковник Искакова Меруерт Сейітқызы, облыстық наркология диспансерінің нарколог-дәрігері Ерғабылов Мақсат Бейбітұлы және мектеп инспекторы, полиция лейтенанты Тұрсынова Дана қатысып, слайд, видео көрсетілім арқылы жасөспірімдер арасындағы нашақорлық пен уытқұмарлық, балаларға қатысты қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша және ата-аналардың заң алдындағы жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар отбасы құндылықтары, сыйластық пен сенімділік туралы айтылды. Шара барысында ата-аналар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.








https://www.instagram.com/p/CoxTs_6Af__/?hl=ru








