Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дінмұхамед Қонаев - ұлттың ары мен намысы» - дөңгелек үстел
14
декабрь
2022

«Дінмұхамед Қонаев - ұлттың ары мен намысы» - дөңгелек үстел

2022 жылдың 13 желтоқсан күні мектебімізде тарих пәні апталығы аясында ҚР Тәуелсіздік күніне орай аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атамыздың 110 жылдығына арналған «Дінмұхамед Қонаев - ұлттың ары мен намысы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Осы игі шараға арнайы шақырылған қонаевтанушы, профессор, Талдықорған қаласының құрметті азаматы Хания Есдәулетқызы қатысты. Мақсаты: Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның мемлекетке және халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылар бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу болып табылады.