20
сентябрь
2022
"Тіл -бар білімнің кілті" атты онкүндіктің жабылу салтанаты
Бүгін мектебімізде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған "Тіл -бар білімнің кілті" атты онкүндіктің жабылу салтанаты өткізілді. Салтанатқа 8-11 сыныптардан барлығы 100-ге тарта оқушы қатысты. Іс-шараларға белсене қатысқан 30-ға тарта оқушы мектеп директорының Алғыс хатына ие болды. Онкүндікті ұйымдастырған қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне мектеп әкімшілігі өз алғыстарын білдірді. Тіліміз жоғалмасын, еліміз мәңгілік болсын!


