07
сентябрь
2022
«Туған тілім-тұғырым»
05.09.2022 ж. Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 ОМЛ 6-8 сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Анар Доспайқызы мен Арайлым Болысбекова Қазақстан халқы тілдер мерекесіне байланысты С.Сейфуллин атындағы кітапханасы өткізген «Туған тілім-тұғырым» атты әдеби-жыр кешіне қатысты. Оқушылар туған тіліміздің қадір-қасиеті туралы ақындардың өлеңдерін жатқа оқып берді. Кітапхана қызметкерлері мерекемен құттықтап, оқушыларға ризашылығын білдірді.






