Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Имандылық – адамгершілік тұтқасы, қатыгездік пен азғындықтың қас жауы»
19
ноябрь
2021

«Имандылық – адамгершілік тұтқасы, қатыгездік пен азғындықтың қас жауы»

2021 жылдың 18 қараша күні мектебіміздің жоғары сынып оқушыларымен «Алматы облысының дін істері басқармасы» ММ «Діни экстремизм мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығының» бөлім басшысы – Ерлан Жұманұлы Матаев «Имандылық – адамгершілік тұтқасы, қатыгездік пен азғындықтың қас жауы» тақырыбында кең көлемді рухани әңгіме өрбітті. Дініміздің асыл құндылықтары, білім алудың пайдасы жайында егжей-тегжейлі баяндады. Нақтырақ айтсақ, ізгі амалдар жайында жете түсіндіріп, жамандықтан жиреніп, жақсылыққа шақырды. Мәселен жаман амалдарға жататын құмар ойын ойнау, ата-анаға қарсы шығу, темекі шегу, насыбай ату, алкогольдік ішімдік ішу секілді жаман әдеттен аулақ болуға үндеді. Жасөспірім арасындағы әлімжеттік пен ерте жүктілік проблемаларына тоқталып өтті. Мысал ретінде ғибратқа толы әңгімелер айтып берді.
Сондай-ақ, ата-ананы құрметтеу, ұстаздарды сыйлау, үлкенге – құрмет, кішіге ізет көрсету, туған-туыс, жақындарға жәрдемші болу секілді ізгі амалдар жасауға асығыңыздар, - деді. Сөз түзелді, тыңдаушы енді сен де түзел деп Абай атамыз айтпақшы, айтқан сөздерімізден балалардың болашағы түзелсе нұр үстіне нұр болар -деп, өз сөзін түйіндеді.
Бүгінгі жас бала – ертеңгі әке, жас қыз – ертеңгі ана екенін естен шығармауымыз керек.