15
март
2018
Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабына библиографиялық шолу жасалынды
Бүгін, яғни 15.03.18 күні Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласындағы ауқымды иедеяларды іске асыру мақсатында, "Бір ел, бір кітап" акциясы аясында 7 сыныптарға Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабына библиографиялық шолу жасалынды. Іс-шараның мақсаты – жастарды қазақстандық патриотизмге, адамгершіллікке, туған тілі мен әдебиетін құрметтеуге, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. «Бір ел – бір кітап» жобасының идеясы әлемнің көптеген елдерінде кеңінен таралған. Бұл акция отандық әдебиетке деген жастардың қызығушылығын арттыруға бағытталып отыр. Бұл акция жыл бойына жалғасын табатын болады. Оқушыларға осы акцияда ұсынылған кітарды жас ерекшеліктеріне байланысты оқуға кеңес берілді. Жыл соңында оқыған кітаптары бойынша оқырмандар конференциясы, дөңгелек үстел, әдеби кеш, дебат, эссе жазуды ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.