10
декабрь
2019
«Baldauren New Year.kz» немесе Балдауренге оқушыларымызды шығарып салдық!
«Балдәурен – Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығының 2019 жылға арналған ауысымдарының кестесіне сәйкес Талдықорған қаласынан 40 балаға жуық демалуға және білім алуға мүмкіндік алды. Ал біздің мектептен осы жолдамаға 3 оқушымыз ие болды. Осы жолғы «Baldauren New Year.kz» тақырыбындағы кезең 08-27 желтоқсан күндері аралығына жоспарланып отыр. Керемет қуанышқа толы жаңалықтар күтеміз!