Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
февраль
2019

«Қазақ күресі және оның болашағы»

19.02.2019 күні "Жастар жылы" аясында, Елбасымыздың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласын насихаттау мақсатында «Қазақ күресі және оның болашағы» атты шеберлік сағаты өткізілді. Шебер сыныпты мектебіміздің 10 сынып оқушылары қазақ күресі мен дзюдо жекпе-жегінен спорт шеберіне үміткер, Республикалық, облыстық жарыстардың жүлдегері Тұрарбек Мәди мен ММА жекпе-жегінен облыстық жарыстардың жүлдегері Қажымұрат Мансұр өткізді. Шара барысында төл күресіміздің шығу тарихы мен даму қарқыны туралы және басқа күрес түрлерінен ерекшелігі жайлы мағлұматтар берілді. Ережесі түсіндіріліп, әдіс-тәсілдері көрсетілді. Қызығушылық білдірген ұл-қыздарымыз белдесіп, өзара сынасып көрді. Шебер сынып 6,8,9 сынып оқушыларымен жүргізілді.