Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
октябрь
2025

«Республика күні – намысты ұландар»

2025 жылдың 15 қазан мен 24 қазан күндері аралығында мектебімізде 25 қазан – Республика күніне арнлаған «Республика күні – намысты ұландар» атты патриоттық онкүндігі өткізілді. Онкүндік аясында «Тәуелсіздік – ел бақыты» кітап көрмесі мен «Қыран елім – Қазақстаным!» қолөнер көрмесі ұйымдастырылды, барлық сыныптарда "Менің Қазақстаным" тақырыбында сынып сағаттары өткізілсе, 7-8 сыныптарда интеллектуалды ойындар өткізілді. 10-11сыныптар «Қазақстан еліне саяхат» тақырыбында Эссе жазды. Мектептің өзін-өзі басқару командасы «Қазақстан – Республикам менің!» атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Сондай-ақ мектебімізде биылғы оқу жылында 7б сыныбы боп құрылған «Жас полиция» сыныбының кадеттері ұранымен ант қабылдады.