Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
октябрь
2025

Киберқауіпсіздік – уақыт талабы

Біртұтас тәрбие жоспары негізінде мектебімізде 01.10.2025 күні Жетісу облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция капитаны Ернат Серикханұлы Абдрахимов пен Талдықорған қалалық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Рысбек Ринатұлы Қаптағай 6–7 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Алдын алу шарасында мына өзекті тақырыптар талқыланды:
- «Лудомания – Roblox, Minecraft, SchoolBoy Runaway ойындарынан басталады»
- «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен буллинг-кибербуллинг»
-️ «Абайлаңыздар, алаяқтар!»
Кездесу барысында оқушыларға интернеттегі қауіп-қатерлер, кибербуллингтің зардаптары және онлайн ойындарға тәуелділіктің алдын алу жолдары түсіндірілді.
- Мұндай шаралар жасөспірімдердің саналы таңдау жасауына, киберқауіптерден сақтануына және құқықтық сауаттылықты арттыруға ықпал етеді. ​https://www.instagram.com/p/DPRP3ZGCP6c/​​​