Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
сентябрь
2025

Кәсіптік бағдар: «Шеберлік құпиялары»

Талдықорған сервис және технология колледжі шеберлерінің «Шеберлік құпиялары» жобасы мектеп оқушыларына жаңа мүмкіндіктер сыйлады
Бүгін Талдықорған сервис және технология колледжінің оқытушылары мен студенттері қаламыздағы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 мектеп-лицейінде шеберлік-сынып өткізді.
Іс-шараның мақсаты – ТжКББ жүйесінің бірыңғай миссиясы мен құндылықтарын насихаттау, педагогтер мен студенттерді жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру идеясы төңірегінде біріктіру, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің экономиканы, инновацияны және қоғамды дамытудағы стратегиялық рөлін айқындау.
«Шеберлік құпиялары» атты жоба – ТжКББ жүйесінің мәртебесін арттырып қана қоймай, мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беруге бағытталған маңызды бастама. Шеберлік-сынып барысында колледж студенттері өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларға заманауи тез дайындалатын Трайфл десертін әзірлеу әдістерін көрсетті.
Сабақ соңында мектеп оқушылары колледждің ресми Instagram парақшасына жазылып, дәмді тәттілерден ауыз тиді.
Бұл шара – жас ұрпақты мамандық әлеміне қызықтыруға, кәсіби шеберлікке ынталандыруға арналған жарқын қадам.
https://www.instagram.com/p/DPP_KEVCHif/​​​