28
июль
2025
Кино - құпияға толы сюжет
Бүгін жоғары сынып оқушылары қаламыздағы кинотеатрда “Өткен жазда не істегеніңді білемін” атты триллер жанрындағы фильмді тамашалап, ерекше әсерге бөленді.
Құпияға толы сюжет, күтпеген оқиғалар мен шиеленіске толы сәттер оқушыларды бір сәтке де экраннан көз алмай қарауға мәжбүр етті. Фильм аяқталғаннан кейін де пікір алмасып, кейіпкерлер тағдырын талқылап жатқандары – көрген әсердің дәлелі.
