Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» атты тағылымды кездесу
22
май
2025

«Әкем – тірегім, анам – жүрегім» атты тағылымды кездесу

3 "Ә" сыныбының жетекшісі Адикова Айгүл Айтжанқызының ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушыларына арналған ерекше шара – Чиныбаевтар отбасымен кездесу өтті.
- Бұл кездесудің басты мақсаты – оқушыларға отбасы құндылықтарын сіңіру, ата-анаға деген құрмет пен ризашылық сезімін қалыптастыру болды.
- Чиныбаевтар әулеті – татулық пен тәрбиеге толы шаңырақтың жарқын үлгісі. Олар балалармен отбасының рөлі, бірлік пен мейірім жайлы шынайы әрі әсерлі ойларымен бөлісті.
- Оқушылар үшін бұл кездесудің тәрбиелік мәні зор болды. Балалар өз отбасылары жайлы ой бөлісіп, ата-аналарына деген махаббаттарын ерекше сезінді.
Осындай жүрекке жылу сыйлайтын кездесулер – бала бойына ізгілік дәнін себудің тамаша жолы.