Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
май
2025

"Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік"

Оқу жылының соңғы аптасында мектеп директоры С.Б.Жанаберлиева, мектеп әкімшілігі мен әдеп-құқық менторы әр параллель сыныптармен "Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік" тақырыбында профилактикалық жұмысын жүргізуде.
Шара барысында:
- судағы және табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелері,
- жол қозғалысындағы тәртіп,
- өрт қауіпсіздігі және сақтық шаралары,
- тұрмыстық тіршілік кезіндегі қауіпсіздік (терезе, самалдық, шатыр),
- қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша,
- интернет қауіпсіздігі, жат діни ағымдар мен қауіпті аккаунттар,
- тастанды ғимараттар мен құрылыс салып жатқан жерлерде ойнамау,
- жазғы демалыстағы тәртіп пен қауіпсіздік туралы кеңестер айтылды.
Мақсат – оқушылардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі пайдалы өткізуіне жағдай жасау.
Құрметті ата-аналар, жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігін қатаң түрде қадағалайық!