Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
март
2025

"Жыл мұғалімі-2025" байқауы өткізілді

2025 жылдың 05 наурыз күні мектепішілік "Жыл мұғалімі-2025" байқауы өткізілді. Сайыстың мақсаты — талантты мұғалімдерді анықтау, білім берудің жаңашылдық педагогикалық тәжірибесін насихаттау, педагогтардың шығармашылық өсуін қолдау, мұғалімнің жеке басының дамуын ынталандыру. Қорытындысында Бас жүлдеге бастауыш сынып мұғалімі Алтынай Шағатаева ие болса, І орынға қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Нүсіпханова Анел Мұратханқызы ие болды. Барлық жүлдегерлер мен қатысушылар дипломдармен және мектепішілік кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Ендігі кезекте осы байқауда орын алған ұстаздарымыз қалалық байқауда мектеп намысын қорғамақ. Құттықтаймыз!!!