Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тұмбаев Нұртай Мүсірәліұлын еске алуға арналған турнир өткізілді
14
октябрь
2024

Тұмбаев Нұртай Мүсірәліұлын еске алуға арналған турнир өткізілді

Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі мен Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің атсалысуымен 12.10.2024 күні шағын футболдан мұғалімдер арасында Талдықорған қаласының «Құрметті азаматы», «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» Тұмбаев Нұртай Мүсірәліұлын еске алуға арналған мектепаралық турнир өткізілді. Турнирдің ашылу салтанатына ағамыздың жары, балалары мен туған-туыстары және бірге қызмет істеген әріптестері мен жолдастары қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға және мектеп басшысы Салтанат Бейсенбайқызына алғыстарын білдірді.
Турнир нәтижесінде: І орынға №30 орта мектебі, ІІ орынға №6 орта мектебі және ІІІ орынға №21 орта мектеп командасы ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды. https://www.instagram.com/p/DBGp-xkCCfQ/Нұртай ағамыз туралы бейнебаян​​​