17
июль
2024
"Мұражай – құндылықтар мекені"
"Жазғы алаң-2024”: 17.07.2024 күні "Мұражай – құндылықтар мекені" ұранымен мектебіміздің жазғы алаң бүлдіршіндеріне қаламыздағы орналасқан М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: Жас ұрпақтарды отансүйгіштік рухында тәрбиелеу, танымдық құштарлыққа жетілдіру, өсіп-өнген өлкесін танып білуін, тарихи білімін қалыптастыру, салт-дәстүрін дәріптеу, патриоттық сезімдерін ояту.






