Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әкелер мектебі» жобасы: «Біз спорттық үштікпіз!»
26
февраль
2024

«Әкелер мектебі» жобасы: «Біз спорттық үштікпіз!»

«Әкелер мектебі» жобасы жоспарына сай 24.02.2024 күні "Біз спорттық үштікпіз!" атты әкелер, мұғалімдер және оқушылар арасында спорттық фестиваль өткізілді. Тартысқа толы сайыс – волейболдан, дойбыдан және «Көңілді эстафетадан» өткізілді. Спорттық жарыстарға 6 сыныптың әкелері мен балалары, 9 сынып ұлдары және ер мұғалімдер қатысып, өзара мықтысын анықтады.
Волейбол жарысы бойынша І орынға ер мұғалімдерден құралған «Тарландар» командасы, ІІ орынға «Әкелер мектебі» командасы және ІІІ орынға оқушылардан құралған «Жас Қыран» командасы ие болды.
Дойбы ойыны бойынша І орынға 6а сынып оқушысы Жанатбекқызы Шакизат, ІІ орынға 6в – Арманқызы Айғаным және ІІІ орынға 6б – Әбілкәрім Балжан ие болды.
«Көңілді эстафета» бойынша І орынға «Жетісу» (6б,6в сын) командасы, ІІ орынға «Олимп» (6г,6ғ) командасы және ІІІ орынға «Тұлпар» (6а,6ә сын) командасы ие болды. Құттықтаймыз!
Шараның негізгі мақсаты: Өскелен ұрпақтың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтына дәріптеу, әкелерімізді мектепке тарту арқылы әкелердің отбасы тәрбиесіндегі рөлін арттыру болып табылады. Видеосы: ​https://www.instagram.com/p/C3y0cnhpAMp/​​​