26
июнь
2023
«Айбын-2023» Халықаралық әскери-патриоттық ойындарында ІІІ орын!
2023 жылдың 16-24 маусым күндері аралығында Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығы полигонында «Айбын-2023» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. Аталған жиында еліміздің 20 өңірі мен Әзірбайжан және Өзбекстан Республикаларының әскери-патриоттық клубтары күш сынасты.
Жиынның қорытындысы бойынша Жетісу облысының намысын қорғаған Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің «Жас десантшылар» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері жүлделі ІІІ орынға ие болды. Олар: Айтмұхамет Әбілмансұр, Окасов Алихан, Ерәділ Жәнібек, Қуан Жанел, Жанайдар Мадина мен Малика, Балқашбай Алинұр, Ғымыңгелді Нұрбол, Серікқызы Дина, Жақсылық Әбілмансұр, Қазытай Д. №27 ом, Кенжеева А. №11 ом. Жас сарбаздарымыз Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталса, АӘТД пәнінің оқытушысы Б.Н.Мустафинов, мектеп директоры Ш.М.Құдайбергенов ҚР Қарулы күштерінің Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар осы жас сарбаздарымыздың ата-аналары да Алғыс хаттарға ие болды. Құттықтаймыз! Жеңіс құтты болсын!








