Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері және ақпараттық қауіпсіздік..."
25
февраль
2023

"Интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері және ақпараттық қауіпсіздік..."

2023 жылдың 24 ақпан күні мектебімізде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Жетісу өңірлік өкілдері Нұрғабыл Данияр Берікұлы мен Абдуллин Азат Ержанұлы 8-9 сынып оқушыларымен «Интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері және ақпараттық қауіпсіздік туралы не білу қажет?» тақырыбында жиналыс өткізді. Кездесу-сұхбат барысында оқушыларға интернет алаяқтардан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шараларына тоқталып, дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеуге, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмауға, ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпауға, кез келген сілтеме бойынша өтпеуге, спам хабарламаларға сенбеуге шақырды.  https://www.instagram.com/p/CpFmSLdAiOO/?hl=ru