Республикалық "Айбын-2022" әскери-патриоттық ойындарда ІІ орын!
«Балалар жылы» аясында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 20-25 маусым күндері аралығында Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығы полигонында ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай «Айбын-2022» VIII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. Аталған жиында Қазақстан Республикасынан «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәрбиеленушілерінен құралған 44 команда күш сынасты.