Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына танымдық саяхат
28
октябрь
2021
М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына
Үстіміздегі жылдың 27 қазан күні қазақ тілі пәнінің мұғалімі, жас маман Бейсенбай Гүлдана 6ғ сынып оқушыларына қаламыздағы М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырды. Оқушыларымыз саяхаттан алған әсерлерімен бөлісіп жатты, оқу озаттары Сексен Жұбат: - Облыстық тарихи - өлкетану мұражайына саяхат маған терең ой салды. Қасиетті өлкеміздің тарихымен танысып, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалатын рухани құндылықтарды, тарихи жәдігерлерді қадірлеу
Ы.Алтынсарин мемориалды-мұражайына онлайн саяхат ұйымдастырылды
28
октябрь
2021
Ы.Алтынсарин мемориалды-мұражайына онлайн саяхат ұйымдастырылды
2021 жылдың 27 қазан күні мектебіміздің кітапханашысы М.Д.Ботаеваның ұйымдастыруымен ағартушы-ұстаз, жазушы Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған Қостанай қаласындағы орналасқан Ы.Алтынсарин мемориалды-мұражайына онлайн саяхат ұйымдастырылды. Телекөпірге 6ғ -6в сынып оқушылары офлайн және 6а,ә,б,г сыныптары онлайн түрде қатысты. Шара барысында 6ғ сынып оқушылары Ыбрай атамыздың өлеңдерін жатқа оқып берді. Сондай-ақ кері байланыс беріліп, қатысушылар мұражай қызметкеріне алғыстарын білдіріп
«Жас мерген» атты әскери-патриоттық ойындары өткізілді
28
октябрь
2021
«Жас мерген» атты әскери-патриоттық ойындары өткізілді
27.10.21 күні мектебіміздің АӘД пәнінің мұғалімі Бауыржан Мустафиновтың ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына арналған 9-10 сынып оқушылары арасында «Жас мерген» атты әскери-патриоттық ойындары өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинап, І орынға 10а сынып оқушысы Ақан Анар ие болды, ІІ орынға 9б кадет сыныбы оқушысы Темірланұлы Аслан және ІІІ орынға 9б Ниязбек Арсен мен 10б сынып оқушысы Қасымжан Нұрәлім ие болды. Құттықтаймыз!