Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Оқушылардан «Зорлық-зомбылық» туралы сауалнама алынды
22
октябрь
2021
Оқушылардан «Зорлық-зомбылық» туралы сауалнама алынды
Мектеп инспекторы Г.Сәкенова мен мектеп психологтары ай сайын 5-11 сынып оқушыларынан «Зорлық-зомбылық» туралы сауалнама алып отыр. Сауалнаманы алудағы мақсат өзі оқитын мектепте қоқан – зорлық көрсететін оқушылар бар ма, олар кімдер, қай сыныптың оқушылары және мектепте бопсалаушылық деректері бар ма? Анықтау барысында сауалнамадағы сұрақтарға оқушылар жоқ, болған жоқ деп жауап берді. Басқа да ақша жинау, бопсалаушылық және зорлық-зомбылық жасау туралы мәлімет тіркелген жоқ.
"Ұстазым, менің ұстазым!" атты байқауда 1 орын!
22
октябрь
2021
"Ұстазым, менің ұстазым!" атты байқауда 1 орын!
"Ұстазым, менің ұстазым!" атты республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдер арасындағы байқауда 1 сынып оқушылары І орынға ие болды. Олар, Болатұлы Жангелді мен Арсенұлы Әмірхан. Ал сынып жетекшісі Сания Ақпаева Алғыс хатқа ие болды. Құттықтаймыз!
«Педагогтердің IT құзыреттіліктерін дамыту және жетілдіру» тақырыбында тәжірибе алаңы ұйымдастырылды
22
октябрь
2021
«Педагогтердің IT құзыреттіліктерін дамыту және жетілдіру»
«Тәлімгерлік тәжірибеде» жобасы аясында Талдықорған қаласының орта мектептерінің жас мамандары үшін «Педагогтердің IT құзыреттіліктерін дамыту және жетілдіру» тақырыбында тәжірибе алаңы ұйымдастырылды. Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің білікті ұстаздары өз тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда: 1. «Күнделік kz» мүмкіндіктері. Тілеубек Серікбол Тілеубекұлы, информатика пәнінің мұғалімі, информатика магистрі. 2. «Онлайн мектеп» платформасының тиімділігі. Курманбаева Айдана