Даңқ залы - Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған https://18.taldykorgan.edu.kz/ ru Даңқ залы - Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған DataLife Engine Нұғыманова Ақмарал Нұрланбекқызы https://18.taldykorgan.edu.kz/o-detskom-sade/744-nymanova-amaral-nrlanbekyzy.html https://18.taldykorgan.edu.kz/o-detskom-sade/744-nymanova-amaral-nrlanbekyzy.html Кіші Отанның тарихын зерделеу әр қазақтың кісілік қарызы екенін кейіпкеріміз бала кезден санасына тұйіп өсті. Ол өзінің Қаблиса жыраумен аталас туыс екенін орынды мақтан етеді. Ақбастауларын көрші Қытай елінен алатын Көксудың бұйра толқындары, Шаған тауының мұнарлы шыңдары жас қыздың арманына қанат бітірді:
«Шаған таудың жаңбыры мен нөсері,
Бала күнгі жан досы оның кешегі.
Тау өзені басын таудан бастайды.
Тау баласы тауға қарап өседі.» - дегендей, арманшыл бойжеткен 1979 жылы Талдықорған педагогика институтының педагогика-психология факультетіне оқуға түседі. Аталған оқу орнын 1985 жылы бітіріп шығады. Сол жылы Көксу ауданының тумасы Керімбеков Бақберген ағамызбен отбасын құрады. Берекелі жанұя 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірді. «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» дейді емес пе?! Сол балалардың тұңғышы Болат Бақбергенұлы Керімбеков 2022 жылдың 25 қаңтар күні Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Болат Бақбергенұлы «Жетісудағы жеті сөз» жобасының «Кімдерді үлгі тұтасыз?» деген сұрағына: Әрине, бірінші кезекте Ата-анамды үлгі тұтамын деп жауап берді. Ақ сүтін беріп әлдилеген ана үшін бұдан артық бақыт бар ма сірә?!
Керімбековтар отбасындағы екінші ұл Мұрат бүгін де Нұрсұлтан қаласында тұрып жатыр. Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет етеді. Қызы Әсел де әкесінің жолын қуып мемлекеттік қызметте жүр.
Ақмарал әпкеміздің үш баласынан өрбіген немерелері ақ әжелерінің көз қуанышы. Немерелердің төлбасы Құралай Болатқызы алғаш сауатын әжесі еңбек етіп жүрген Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде ашты. Бүгін де дарынды балаларға арналған №24 лицейде оқиды, оқу озаты. Екінші немересі Ерасыл Болатұлы мектебіміздің 5 сыныбында оқиды.
Осы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде табан аудармай 20 жыл қызмет еткен, мектептің, қаланың, облыстың білім саласына өзіндік қолтаңбасын қалдырып, дамуына үлес қосқан мектеп психологі Нұғыманова Ақмарал Нұрланбекқызы туралы талай ізгі ниеттер, игі тілектер айтуға болады. Оның еткен еңбегі мен төккен тері әр жылдары ерекше еленіп, облыс, қала әкімінің, білім басқармасының, қалалық білім бөлімінің Құрмет грамоталарымен марапатталып отырды. Еңбектің зейнетін көру деген осы да!

]]>
Кіші Отанның тарихын зерделеу әр қазақтың кісілік қарызы екенін кейіпкеріміз бала кезден санасына тұйіп өсті. Ол өзінің Қаблиса жыраумен аталас туыс екенін орынды мақтан етеді. Ақбастауларын көрші Қытай елінен алатын Көксудың бұйра толқындары, Шаған тауының мұнарлы шыңдары жас қыздың арманына қанат бітірді:
«Шаған таудың жаңбыры мен нөсері,
Бала күнгі жан досы оның кешегі.
Тау өзені басын таудан бастайды.
Тау баласы тауға қарап өседі.» - дегендей, арманшыл бойжеткен 1979 жылы Талдықорған педагогика институтының педагогика-психология факультетіне оқуға түседі. Аталған оқу орнын 1985 жылы бітіріп шығады. Сол жылы Көксу ауданының тумасы Керімбеков Бақберген ағамызбен отбасын құрады. Берекелі жанұя 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірді. «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» дейді емес пе?! Сол балалардың тұңғышы Болат Бақбергенұлы Керімбеков 2022 жылдың 25 қаңтар күні Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Болат Бақбергенұлы «Жетісудағы жеті сөз» жобасының «Кімдерді үлгі тұтасыз?» деген сұрағына: Әрине, бірінші кезекте Ата-анамды үлгі тұтамын деп жауап берді. Ақ сүтін беріп әлдилеген ана үшін бұдан артық бақыт бар ма сірә?!
Керімбековтар отбасындағы екінші ұл Мұрат бүгін де Нұрсұлтан қаласында тұрып жатыр. Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет етеді. Қызы Әсел де әкесінің жолын қуып мемлекеттік қызметте жүр.
Ақмарал әпкеміздің үш баласынан өрбіген немерелері ақ әжелерінің көз қуанышы. Немерелердің төлбасы Құралай Болатқызы алғаш сауатын әжесі еңбек етіп жүрген Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде ашты. Бүгін де дарынды балаларға арналған №24 лицейде оқиды, оқу озаты. Екінші немересі Ерасыл Болатұлы мектебіміздің 5 сыныбында оқиды.
Осы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде табан аудармай 20 жыл қызмет еткен, мектептің, қаланың, облыстың білім саласына өзіндік қолтаңбасын қалдырып, дамуына үлес қосқан мектеп психологі Нұғыманова Ақмарал Нұрланбекқызы туралы талай ізгі ниеттер, игі тілектер айтуға болады. Оның еткен еңбегі мен төккен тері әр жылдары ерекше еленіп, облыс, қала әкімінің, білім басқармасының, қалалық білім бөлімінің Құрмет грамоталарымен марапатталып отырды. Еңбектің зейнетін көру деген осы да!

]]>
admin Wed, 02 Feb 2022 10:07:56 +0600
Сұлтанғазиев Әділғазы Өкенұлы https://18.taldykorgan.edu.kz/o-detskom-sade/793-sltanaziev-dlazy-kenly.html https://18.taldykorgan.edu.kz/o-detskom-sade/793-sltanaziev-dlazy-kenly.html Әділғазының көп жылғы еңбегі ескерусіз де қалмады. Алматы облыстық білім басқармасының, облыстық ата-аналар комитетінің, өңірлік оқу-әдістемелік орталығының Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Осындай білікті ұстаз, ардақты әке Әділғазы Өкенұлы 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген. Үшеуі де әкелері еңбек еткен мектептің түлектері, оқуда озат, сыныптан тыс жұмыстарда аса белсенді болды.
Әділғазы Өкенұлы 2021 жылдың 13 сәуір күні 10 жыл бойы айналдырған ауыр дерттен дүниеден озды. Иманы жолдас болсын...

]]>
Әділғазының көп жылғы еңбегі ескерусіз де қалмады. Алматы облыстық білім басқармасының, облыстық ата-аналар комитетінің, өңірлік оқу-әдістемелік орталығының Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Осындай білікті ұстаз, ардақты әке Әділғазы Өкенұлы 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген. Үшеуі де әкелері еңбек еткен мектептің түлектері, оқуда озат, сыныптан тыс жұмыстарда аса белсенді болды.
Әділғазы Өкенұлы 2021 жылдың 13 сәуір күні 10 жыл бойы айналдырған ауыр дерттен дүниеден озды. Иманы жолдас болсын...

]]>
admin Fri, 28 Jan 2022 18:23:28 +0600
Нұртай Мүсірәліұлы Тұмбаев https://18.taldykorgan.edu.kz/o-detskom-sade/zal_slavy/603-nrtaj-msrlly-tmbaev.html https://18.taldykorgan.edu.kz/o-detskom-sade/zal_slavy/603-nrtaj-msrlly-tmbaev.html Тұмбаев Нұртай Мүсірәліұлы - «Талдықорған қаласының Құрметті азаматы» атағының иегері, ҚР Білім беру ісінің үздігі, көптеген марапаттардың иегері. 2004 – 2017 жылдары Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі директоры болып қызмет атқарған.

Тұмбаев Нұртай Мүсірәліұлы - 09.03.1953 жылы Көксу ауданы, Мұқыры аулында дүниеге келген. І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтын 1980 жылы бітірген алғашқы түлектердің бірі. Жоғары білімді маман еңбек жолын облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтынан бастады. Бұдан кейін Талдықорған, Көксу аудандық оқу бөлімдерінде инспектор (1980-1991 жылдар); Талдықорған облыстық, қалалық білім басқармаларының бас маманы (1991-1998 жылдар) қызметтерін атқарды. 1998 жылы Талдықорған қалалық білім бөліміне қарасты Еңбек ауылындағы №22 мектептің директоры болып тағайындалды. Аталған мектепте абыроймен қызмет атқарған тәжірибелі маман 2004 жылы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп- лицейінің директорлығына тағайындалды. Осы аталған мектепте қызмет етіп жүргенде тәлімді тәлімгер, іскер басшының облыстық білім саласындағы көп жылғы еңбегі өз кезінде бағаланып отырды. 2017 жылы зейнеткерлікке шықты.
Өмірінің 47 жылын білім саласына арнаған ол, 37 жыл қаламыздың дамуы мен өркендеуіне елеулі үлесін қоса білген азамат.
Нұртай Мүсірәліұлы 2021 жылдың 5 шілдесінде дүниеден озды. Иманы жолдас болсын...

]]>
Тұмбаев Нұртай Мүсірәліұлы - «Талдықорған қаласының Құрметті азаматы» атағының иегері, ҚР Білім беру ісінің үздігі, көптеген марапаттардың иегері. 2004 – 2017 жылдары Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі директоры болып қызмет атқарған.

Тұмбаев Нұртай Мүсірәліұлы - 09.03.1953 жылы Көксу ауданы, Мұқыры аулында дүниеге келген. І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтын 1980 жылы бітірген алғашқы түлектердің бірі. Жоғары білімді маман еңбек жолын облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтынан бастады. Бұдан кейін Талдықорған, Көксу аудандық оқу бөлімдерінде инспектор (1980-1991 жылдар); Талдықорған облыстық, қалалық білім басқармаларының бас маманы (1991-1998 жылдар) қызметтерін атқарды. 1998 жылы Талдықорған қалалық білім бөліміне қарасты Еңбек ауылындағы №22 мектептің директоры болып тағайындалды. Аталған мектепте абыроймен қызмет атқарған тәжірибелі маман 2004 жылы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп- лицейінің директорлығына тағайындалды. Осы аталған мектепте қызмет етіп жүргенде тәлімді тәлімгер, іскер басшының облыстық білім саласындағы көп жылғы еңбегі өз кезінде бағаланып отырды. 2017 жылы зейнеткерлікке шықты.
Өмірінің 47 жылын білім саласына арнаған ол, 37 жыл қаламыздың дамуы мен өркендеуіне елеулі үлесін қоса білген азамат.
Нұртай Мүсірәліұлы 2021 жылдың 5 шілдесінде дүниеден озды. Иманы жолдас болсын...

]]>
admin Wed, 13 Jan 2021 11:43:53 +0600
Рұстам Әлиұлы https://18.taldykorgan.edu.kz/o-detskom-sade/zal_slavy/602-rstam-lily.html https://18.taldykorgan.edu.kz/o-detskom-sade/zal_slavy/602-rstam-lily.html Рұстам Әлиұлы - Алматы облысы әкімінің орынбасары
Туған күні: 14.04.1984
Туған жері: ҚазССР; Алматы облысы; Ескелді ауданы; Қарабұлақ кенті
Талдықорған қаласындағы Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі түлегі

Әкесі - Әли Демегенұлы Алпысбаев (28.4.1956 жылы туған, Ескелді ауданыБақтыбай ауылы) — композитор, дирижер, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі (1995).
Анасы -  Ғалиева Мария Бейсетбайқызы - ұстаз, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин медалінің иегері

Отбасылық жағдайы, туыстық байланыстары:
* Әйелі: Шынасылова Айлен
* Балалары: Али Расул (2019 ж. т.), Али Расим (2020 ж. т.)

Тілдерді білуі:
* Қазақ, орыс, ағылшын, араб тілдері
Спорт: Футбол

Білімі, мамандануы (біліктілігі):
* Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (бакалавр 2006 ж., магистратура 2008 ж., докторантура 2011 ж.)
Философия докторы (PhD)
"Шығыстану" мамандығы (араб маманы)
* Жетысуский государственный университет им. І. Жансүгіров, бакалавр (2017)
Қаржы «Мамандандыру»
Қайта даярлау (қайта мамандандыру) және біліктілікті арттыру курстары:
* "Қазақстан Республикасындағы жастар саясатын жаңғырту" (2013);
* ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы "Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру" (2017);
· "Social entrepreneurship/әлеуметтік кәсіпорын" тақырыбына Enactus World Cup 2018 қатысу*, АҚШ, Калифорния штаты, Сан-Хосе қаласы (2018);
· "Open World" АҚШ Конгресінің бағдарламасы бойынша " local Governance/Жергілікті өзін-өзі басқару*, АҚШ, Вашингтон қаласы (2020);
* Coursera-дан Копенгаген университетінің сертификаты. «After the Arab Spring - Democratic Aspirations and State Failure» (2020)

Еңбек жолы:
* "Деловая неделя" газетінің тілшісі·, Алматы қ. (2006-2008);
* Сайттағы Фрилансер Centralasiaonlaine.com. (2007-2008);
· Орталық Азия мен Кавказдағы "Каспий" этномәдени және Геосаяси зерттеулер журналының Қазақстандағы ресми өкілі * 2007-2008);
* "Деловая неделя" газеті Халықаралық бөлімінің редакторы·, Алматы қ. (2008-2010);
* Оқытушы, Қазақ ұлттық университеті. Әл-Фараби, Факультет: шығыстану, Кафедра: Арабистика, пән: "Азия және Африка елінің тарихы" (2008-2010);
* "Деловая неделя" газеті бас редакторының орынбасары·, Алматы қ. (2010-2011);
* "Алматы облысының ішкі саясат басқармасы" ММ жанындағы "Жетісу жастары" МКҚК директоры, Талдықорған қаласы (2011-2012);
* Оқытушы, Жетісу мемлекеттік университеті, "Журналистика" кафедрасы, "Қазіргі журналистика" және "Интернет журналистика" пәндері, Талдықорған қаласы (2011-2012);
* Алматы облысы Ескелді ауданы, Қайнарлы ауылы, Қайнар ауылдық округінің әкімі · 2012);
· "Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ басшысы*, Талдықорған қ. (2012-2016);
· "Алматы облысының ішкі саясат басқармасы" ММ басшысы*, Талдықорған қ. (23.05.2016-08.2020);
* Талдықорған қаласы, Жетісу мемлекеттік университетінің "Журналистика" кафедрасының оқытушысы, "қазіргі журналистика" және "Интернет журналистика" пәндерінің оқытушысы (2017-2020);
* Алматы облысы бойынша "ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының" оқытушысы," ақпараттық саясат", Талдықорған қаласы (2018-2020);
* Алматы облысы әкімінің орынбасары (08.2020 бастап)

Басқа лауазымдар:
* Алматы облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі;
* Алматы облысы федералдық грепплинг ҚБ Вице-президенті;
* "Алматы облысының ақпараттық технологияларды дамыту қауымдастығы Digital Jetisu" қоғамдық бірлестігінің мүшесі»;
* "Жетісу географиялық қоғамы" ҚБ мүшесі»;
* "Жетісу жас журналистер одағы" ҮЕҰ мүшесі»;
* VIP Zhetysy зияткерлік клубының (Very Innovative People) негізін қалаушы);
* Алматы облысының "Орбұлақ" Тарихи реконструкциялар клубының негізін қалаушы»
Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:

* Алғыс хаттар: "Нұр Отан " ХДП төрағасының бірінші орынбасары Н. Нығматулин (2011)," Нұр Отан" ХДП Төрағасы Н. Назарбаев (2012);

Медаль: "Қазақстан Конституциясына 20 жыл" (2015), "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" (2016), "ерен еңбегі үшін" (2018), "Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл" (2019)

Ғылыми, әдеби еңбектер, Жарияланымдар:
* 20-ға жуық ғылыми және 400-ден астам публицистикалық мақалалардың авторы;
* "IRAQ" кітабының авторы АҚШ-тың Таяу Шығыстағы кілті. Араб көктемінің басталуы " Талдықорған қ. (2020);
* Анықтама және жинақтар: "әлеуметтік желілер және мемлекеттік органдар" - Талдықорған қ. (2020), "STORYTELLING: персоналды басқарудың заманауи құралы", Талдықорған қ. (2020), "Алматы облысындағы қоғамдық-саяси жағдай мониторингі", Талдықорған қ. (2018), "Алматы облысындағы қоғамдық-саяси жағдай мониторинг тақырыбындағы зерттеу нәтижесі бойынша есеп", Талдықорған қ. (2020)

]]>
Рұстам Әлиұлы - Алматы облысы әкімінің орынбасары

admin Wed, 13 Jan 2021 10:17:12 +0600
Жұмабек Қуанышбайұлы https://18.taldykorgan.edu.kz/o-detskom-sade/zal_slavy/590-zhmabek-uanyshbajly.html https://18.taldykorgan.edu.kz/o-detskom-sade/zal_slavy/590-zhmabek-uanyshbajly.html Жұмабек Қуанышбайұлы - ақын-палуан, ұстаз. ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Еңбек ардагері» медалінің иегері. 

Жұмабек Қуанышбайұлы 1939 жылы 20 қазан күні Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көк-Өзек (Қаракөз) ауылында дүниеге келген. Балалық шағы мен жастық шағы Қаракөз ауылы мен Лепсі ауылында өтті. Лепсі орта мектебінен түлеп ұшып, Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын «мұғалім-жаттықтырушы (тренер)» мамандығына түсіп, спорт шебері атағымен бітіріп шықты.
Институт қабырғасында жүріп қазақ күресінен Қазақ КСР-нің екі мәрте чемпионы, еркін күрестен Қазақ КСР-нің 4-ші жазғы студенттер спартакиадасының жүлдегері атанса, Тбилиси мен Ташкентте өткен халықаралық турнирлерде жеңіс тұғырынан көріне білді. Сонымен қатар еркін күрестің қадірін асырған Әбілсейіт Айханов сияқты әйгілі палуандармен қатарлас жаттыққаны тәжірибесі мен талантын ұштай түсті.

1963 жылдан Ақсу ауданы мектептерінде мұғалім, аудандық спорт комитетінің төрағасы, содан кейін 25 жыл Ақсу аудандық спорт мектебінде еркін күрестен аға жаттықтырушы болып қызмет атқарады. Осы жылдар аралығында тәжірибелі спортшы-ұстаз, жаттықтырушы ретінде ауданда спорт саласын өркендетуде елеулі еңбек сіңіреді. Оның тәрбиелеген көптеген шәкірттері — спортшылары халықаралық, республикалық және облыстық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып отырған. Ақсу ауданындағы бір ғана «Мамания» (бұрынғы Ы.Алтынсарин атындағы) мектебінің ол жаттықтырып-тәрбиелеген 53 шәкірті ұстазы жолын қуып, «дене тәрбиесі» факультеттерін бітіріп, кәзіргі таңда еліміздің әр жерлерінде спорттың өсіп–дамуына үлестерін қосуда. Сонын ішінде бір оқушысы — дзю-до күресінен Бежін Олимпиадасының күміс жүлдегері Асхат Житкеевтің алғашқы жаттықтырушысы (тренері) болған, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Саят Қудайбергенов.
Өзі де күрес спортының дамуына қосқан үлкен үлесі үшін аудандық, облыстық, Республикалық түрлі дәрежедегі Дипломдармен, Алғыс хаттармен медальдармен марапатталған.
Жұмабектің спорттағы жетістігі жайында Қ.Р.Байтосовтың «Қазақтың Ұлттық күресі», Е.Мухиддиновтың «Батырлардың ұстазы» және П.Ф.Матущақтың «Қажымұқанның мұрагерлері» кітаптарында айтылған.

Жұмабек Қуанышбайұлы - 1989 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының атынан ұзақ жылғы адал еңбегі үшін "Еңбек ардагері" медалімен марапатталды.
1994 жылы - Қазақстан Журналистер одағына қабылданды. 
1994-1996 жылдары Ақсу аудандық Мәслихатының депутаты болып сайланды.
1995 жылы - Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін "Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі" белгісімен марапатталды.
2004 жылы - Украина Президенті Л.Кучманың "Украинаның фашистік басқыншылардан азат етілгеніне 60 жыл" медалімен марапатталды.
2012 жылы - Қазақстан Жазушылар одағына қабылданды.

Жұмабек Қуанышбайұлы үлкен өнер иесі, дүлділ ақын ретінде де елге жақсы танымал. Ақсу ауданының «Бас ақыны» атанған. Оның «Ақсу жырлап ағады», «Қыран қияға самғайды», «Тагдыр арнасы», «Аққу мүсін», «Сулулық саған гашықпын», «Туғыр» атты кітаптары жарық көрген. Көптеген өлеңдері «Жайдарман», «Мөлдір бастаулар», «Шабыт», «Қарындасым қарлығашым», «Жетісудың жаңа әуендері», «Жетісу жырлайды» сияқты жазба ақындарының жинақтарында жарияланған. Сол сияқты шығармашылық өлендері газет басылымдары үнемі жарияланып отырылды. Сонымен қатар жетісулық композиторлар Өмірсерік Арапов, Серікжамал Әжібекова, Жұман Тұрдиев ақынның өлеңдеріне ән жазып, ел ықыласына бөленді.

Жұмекен ауданның қоғамдық жүмыстарына белсене араласты. Ауылдық, аудандық кеңестердің және Ақсу аудандық мәслихатының алғашқы шақырылымының депутаты болып сайланып, ел дамуына өзіндік үлесін қоса білді. Ақсу ауылындағы «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болды.

Жұмабек Қуанышбайұлы 1996 жылы Талдықорған қаласына отбасымен көшіп келіп, Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейіне алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы болып орналасты. 2002 жылы аталмыш мектептен зейнеткерлікке шықты. Жұмекен зейнетке шыққаннан қайтыс болғанға дейін Ақсу ауданында, Талдықорған қаласында жас ұрпақты спортқа, салауатты өмір салтын насихаттауға, Отаншылдыққа тәрбиелеу шараларына белсене араласты. Жұмабек Қуанышбайұлы 2014 жылдың 12 ақпанында, 74 жасында дүниеден өтті.

Жұбайы, Білісбаева Шариза Бекқалиқызы Ақсу ауылындағы Ақсу орта мектебінде және Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте мұғалім болған, қазіргі кезде зейнеткер. Қазақстан (КазСРО) Оқу министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Балалары, Қуанышбаев Қайрат /1965 ж.т./ - жеке кәсіпкер, Қуанышбаев Қайыржан /1977ж.т./ - Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және Қуанышбаев Айбат /1979 ж.т./ - Назарбаев Зияткерлік мектебінде алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы.

]]>
Жұмабек Қуанышбайұлы - ақын-палуан, ұстаз. ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Еңбек ардагері» медалінің иегері. 

admin Tue, 12 Jan 2021 17:16:54 +0600
Данияр Әшімханұлы Оразаев https://18.taldykorgan.edu.kz/o-detskom-sade/zal_slavy/589-danijar-shmhanly-orazaev.html https://18.taldykorgan.edu.kz/o-detskom-sade/zal_slavy/589-danijar-shmhanly-orazaev.html Данияр Әшімханұлы Оразаев – театр және кино актеры.
1990 жылы Алматы облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келген.
Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі түлегі.
Қанабек Байсейітов атындағы музыка колледжі түлегі.
2010-2014 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «музыкалық драма» бөлімін үздік бітірген.
2013 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы Жастар театрында актер. Көптеген киноларға түскен дарынды танымал актер.
Фильмографиясы:
"Ауылдағы шетелдіктер", "Ән-аға", "Teleport", "Томирис", "Мұражайдағы оқиға", "Шіркін, өмір", "Ұлы дала таңы"

]]>
Данияр Әшімханұлы Оразаев – театр және кино актеры.

admin Mon, 11 Jan 2021 21:21:00 +0600
Серікжамал Нүсіпқызы Әжібекова https://18.taldykorgan.edu.kz/o-detskom-sade/zal_slavy/612-serkzhamal-nspyzy-zhbekova.html https://18.taldykorgan.edu.kz/o-detskom-sade/zal_slavy/612-serkzhamal-nspyzy-zhbekova.html Серікжамал Нүсіпқызы Әжібекова - 10.10.1949 жылы Алматы облысы, Қораталды ауылында (қазіргіТекелі қаласы) дүниеге келген. ҚР білім беру ісінің үздігі, жоғары санатты ұстазы, қоғам қайраткері, әнші, композитор. Президент Қ.Тоқаевтың 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған. «Талдықорған қаласының Құрметті азаматы» атағының иегері.

1964 жылы Ақтөбе республикалық мәдени- ағарту училищесіне түсіп 1968 жылы «Хор ұжымының жетекшісі» дипломын алып, еңбек жолын 1968-1976 жылдар аралығында Ақсу ауданының мәдениет саласында бастады. Аудандық мәдениет Үйінің әдіскері, Ақсу халық театрының әншісі, аудандық радионың дикторы, мәдениет Үйінің көркемдік жетекшісі, директоры және «Солнышко» балабақшасының музыкалық жетекшісі қызметтерін атқарды.

1976 жылы І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтына түсіп 1980 жылы «Ән-күй пәні мұғалімі» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп шықты. Жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін, 1980-1991 жылдар аралығында Ақсу аудандық музыка мектебінің мұғалімі, Ақсу мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқара отырып,сол кездерде ауданда өткен барлық мәдени-көпшілік жұмыстарына белсене қатынасып, мектептер мен мекемелердің көркемөнерпаздар ұжымдарына кәсіби түрде көмек көрсетіп, көптеген концерттік бағдарламарды дайындап, жеке әншілер және әртүрлі әндік топтар (дуэт, трио, квартет т.б.) үлкенді-кішілі хор ұжымдарын құрып, олармен аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатынасып, жүлделі орындарға ие болды.

1991-2007 жылдар аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде аға оқытушылық қызметін атқарды. Университет қабырғасында оқытушылық қызметпен қатар ғылыми-әдістемелік, шығармашылық, ағартушылық жұмыстармен шұғылданып, ғылыми мақала жазып,100-ден аса әндер шығарды.Кафедраның әдістемелік тобын басқару барысында жаңа технология, ұтымды педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы көптеген жұмыстар жүргізуге ынта қойды. Студенттері ғылыми конференцияларға белсенді қатынасуына жүлделі орындарға ие болуына көмек берді. Университет қабырғасында ақын, ф.ғ.к. профессоры Д.Аңсабаевпен бірлестікте І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Гимнының жазды. Гимнды студенттер әр кезде өтілетін шараларда орындап жүр. 2007 жылы зейнеткерлікке шығып, Талдықорған қаласы әкімшілігінің Өнер мектебінде, Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде және «Мен жұлдызбын!» үлгілі ән студиясында өнерлі балаларды үлкен өнерге баулып, оларды әртүрлі деңгейдегі байқауларға дайындап, жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Серікжамал Нүсіпқызы – облыстың мәдениет және білім салаларында 51 жыл көлемінде абыройлы қызмет атқарды.

Серікжамал Нүсіпқызының оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі байқау, фестивальдаға ұдайы қатынасады. Олар Қазақстанның Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қызылорда, Қостанай , Ресейдің Сочи, Москва, Санкт-Петербург қалаларында, шет елдерде Голливуд, Түркия, Франция, Белоруссия, Латвия, Өзбекстан мемлекеттерінің сахна төрлерінде ән шырқап, жүлдегер атанды. Шәкірттері республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары. Ең үлкен жетістігі, шәкірті, талдықорғандық Рухия Байдукенова Витебсктегі өткен Халықаралық "Славянский базар-2021" байқауында Бас жүлдені жеңіп алды. Ұстаз көптеген вокалды-хор ұжымдарымен, жеке әншілермен жұмыс жасап, 2007-2019ж.ж. аралығында 500-ге жуық әртүрлі деңгейдегі лауреаттар дайындады.

Еңбектері бағаланып, халықаралық «Хрустальная магнолия» байқауының «Лучший мастер-педагог» (Голливуд),Ең үздік ұстаз» дипломымен (Ресей-Москва), «Надежды Европы» (Ресей-Сочи) халықаралық байқауының дипломымен, халықаралық «Харманд-фестиваль» (Түркия-Стамбул) «Рига симфони»,(Латвия),«Золотой микрофон»-(Қостанай), «Перекрестки»- (Минск) фестиваль-байқауының алғыс хаттарымен, халықаралық «Ақ көгершін», «Бозторғай», «Ғұмырдария» «Шаттық», «Күншуақ» (Астана, Алматы), республикалық «Әнші балапан», «Әсеттің әсем әндері-ай», «Жырлайды жүрек», «Атадан мұра», «Ұлы дала дарыны», Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының, «Тамшылар» радиоконкурсы, халықаралық «Жарық жұлдыз», «Восходящая звезда», «Музыкальное созвездие», т.б. және де көптеген облыстық, қалалық дәрежедегі дипломдар мен алғыс хаттарымен марапатталды. Шығармашылығы туралы «Жетісу» телеарнасы бірнеше хабарлар ұйымдастырды, облыстық, республикалық газет, журналдарда мақалалар жазылды.

Аты Ақсу ауданының Құрмет кітабына «Абыз Ақсу, аңыз Ақсу, нағыз Ақсу» кітабына (С.Серпебаев, Алматы, Полиграфкомбинат,2012ж.), «Тарихы терең Талдықорған» (авторлық бірлестік Ә.Ысқабай, Т.Әбдіуәли, А.Қасабек т.б. Алматы, «Дәуір» 2012ж.) альбом-кітабына енгізілген. Республикалық «Қазақстан» телеарнасының «Айтуға оңай» бағдарламасына 2 рет арнайы шақырылып қатынасты. 12-12 акпан 2017 ж. Алматы қаласында өткен республикалық«Атадан мұра» байқауынан 5 оқушы Гран- при жүлде алғаны үшін «Үздік ұстаз» лентасымен және алғыс хатымен марапатталды. 06,03,2017ж. халықаралық әйелдер күніне орай Алматы облысының Құрмет грамотасымен марапатталды, мәдениет қызметкерлерінің күнінде «Үздік мәдениет қызметкері» номинациясын иеленді.

Марапаттары: ҚР білім беру ісінің үздігі белгісімен (2000ж,) ҚР білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен (2008ж.), сонымен қатар, көптеген облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі байқаулардың «Үздік ұстаз» дипломдарымен, алғыс хаттарымен марапатталған, 2016 ж. «Үздік мәдениет қызметкері» номинациясын иеленді. 2016-2017 оқу жылының нәтижесі бойынша Қазақстан республикасы Білім беру саласына қосқан үлесі үшін республикалық ғылыми-педагогикалық «Алаш ұстазы» әдістемелік журналының «Алаш ұстазы» төсбелгісімен марапатталды. Бүкілодақтық халық таланттары байқауының лауреаты. 2019 жылы «Талдықорған қаласының Құрметті азаматы» атағының иегері атанды.

Жанұясында 3 баласынан-, 5 немере, 1 шөбере тәрбиелеп отырган ардақты әже. Жолдасы-дарынды музықант, ҚР білім озаты, ұлағатты ұстаз - Алыбаев Талғат Жексембайұлы 52 жасында 1999 жылдың 19-шы желтоқсанында қайтыс болған.

]]>
Серікжамал Нүсіпқызы Әжібекова - 10.10.1949 жылы Алматы облысы, Қораталды ауылында (қазіргіТекелі қаласы) дүниеге келген. ҚР білім беру ісінің үздігі, жоғары санатты ұстазы, қоғам қайраткері, әнші, композитор. Президент Қ.Тоқаевтың 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған. «Талдықорған қаласының Құрметті азаматы» атағының иегері.

admin Mon, 11 Jan 2021 19:03:27 +0600
Азамат Қайратұлы Жылтыркөзов https://18.taldykorgan.edu.kz/o-detskom-sade/zal_slavy/588-azamat-ajratly-zhyltyrkzov.html https://18.taldykorgan.edu.kz/o-detskom-sade/zal_slavy/588-azamat-ajratly-zhyltyrkzov.html Жылтыркөзов Азамат Қайратұлы - опера әншісі (баритон), Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері.
Азамат Қайратұлы 1986 жылы 29 маусымда Талдықорған қаласында туған. Қазақ. Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі түлегі.

Анасы - Жылтыркөзова Әсия Мұхаметбайқызы, «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі РӨБ» РМҚК кадрлар бөлімінің бастығы.

Қазақ ұлттық музыка академиясын бітірген (2009), опера әншісі, концерттік орындаушы. Қазіргі уақытта профессор Е.Е. Нестеренкода машықтанудан өтуде (Австрия).

2006 жылдан - Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының солисі.

2007 жылдан бері - К. Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрының солисі.

Орындайтын опералық рөлдері (партиялары): Онегин (П.И. Чайковский, «Евгений Онегин»), Роберто (П.И. Чайковский, «Иоланта»), Жермон (Дж. Верди, «Травиата»), Алеко (С.В. Рахманинов, «Алеко»).

Алда орындайтын рөлдері: Фигаро (Д. Россини, «Севилья шаштаразы»), Сильвио (Р. Леонкавалло, «Паяцы»), Родриго (Дж. Верди, «Дон Карло»).

Ресей, Белоруссия, Қытай, Жапония, Польша, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания, Швейцария, Австрия, АҚШ, Моңғолияда концерттермен гастрольдер өткізген.

«Шабыт» IX халықаралық конкурсындағы 1-ші сыйлықтың (Астана, 2006), «Жас дарындар» XXIII халықаралық конкурсындағы 1-ші сыйлықтың (Сан-Бартоломео, 2008), Н. Сәбитов атындағы VII халықаралық орындаушылар конкурсындағы 2-ші сыйлықтың (Уфа, 2008), Мирьям Хелин атындағы VI халықаралық вокалшылар конкурсындағы 4-ші сыйлықтың (Хельсинки, 2009), П.И. Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсынан Онегин ариясын орындағаны үшін «Голоса под Плесом» Ф. Шаляпин I халықаралық конкурсындағы дипломның (Плес, 2010), Бибігүл Төлегенованың IV Халықаралық вокалшылар конкурсындағы бас жүлденің және Мариямгүл Төлегенованың арнайы сыйлығының (Алматы, 2010) лауреаты. ТМД қатысушы мемлекеттердің IV Халықаралық дельфиялық ойындарының алтын медалінің (Астана, 2006), С. Монюшко атындағы VI Халықаралық вокалшылар конкурсындағы Польша музыка академиясының арнайы сыйлығының (Варшава, 2007), П.Г. Лисициан атындағы I Халықаралық баритондар конкурсындағы диплом мен «Бастау» сыйлығының (Мәскеу, 2008), Н. Тілендиев атындағы I Халықаралық конкурстағы бас жүлденің және Астана қаласы әкімінің арнайы жүлдесінің (Астана, 2008) иегері.

Діни көзқарасы - мұсылман.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, Қ.К. Тоқаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Тәуелсіз, бейбітшілік сүйгіш, экономикалық еркін, мәдени деңгейі жоғары мемлекет».

Хоббиі - нумизматика, түрлі елдердің кәдесыйларын жинау.

Сүйіп оқитын әдебиеті - романтикалық әдебиет.

]]>
Жылтыркөзов Азамат Қайратұлы - опера әншісі (баритон), Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері.

admin Sun, 10 Jan 2021 16:27:27 +0600
Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова https://18.taldykorgan.edu.kz/o-detskom-sade/zal_slavy/587-klsh-noatajyzy-shmshidinova.html https://18.taldykorgan.edu.kz/o-detskom-sade/zal_slavy/587-klsh-noatajyzy-shmshidinova.html Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы (4 наурыз 1958 жыл, Бесқайнар ауылы, Көксу ауданы/Киров ауданы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, педагог, химия мұғалімі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы.

'Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы Алматы облысы Киров(кәзіргі Көксу ауданы) ауданының Бесқайнар ауылында дүниеге келген. Орта білімін бітірген соң, жоғары білімді, Қазақ Ұлттық әл - Фараби атындағы университетінің химия факультетінде алған, 1979 жылы аяқтаған. Бірінші жұмысын орны 1979 жылы Алматы облысындағы, Көксу ауданындағы Амангелді атындағы орта мектепте химия пәнінің мұғалімі болған. 1981-1986 жылдар аралығында комсомолдық қызметте еңбек еткен.

Комсомолдық жұмыстардан кейін түрлі деңгейлерде партиялық жұмыс етті. Басында, 1986 жылдан бастап Талдықорған облыстық партия комитетінде нұсқаушы қызметін атқарған, ал 1991 жылы Талдықорған қалалық партия комитетінің хатшысы ретінде еңбек еткен.

1991 жылы партиялық жұмыстарды аяқтап білім саласында қызмет етті. 1992 жылға дейін Талдықорған облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында директордың орынбасары болды.

1992 -1996 жылдары Талдықорған қаласындағы №18 Б.Жолбарысұлы атындағы мектеп директорының қызметін атқарды.

1996 жылдан бастап қалалық атқарушы органдарында жұмыс жасаған. Талдықорған қаласының әкімінің орынбасары 1996 - 2002 болып, 2002 жылдың ақпан айынан ҚР Білім және ғылым Министрлігінде вице - министр лауазымына тағайындалған.

2005 - 2007 жылдары - «Бөбек» РМКК Ұлттық ғылыми практикалық білім және сауықтыру орталығының Бас директоры болған.

2007 ҚР Білім және ғылым Министрлігінде вице - министр лауазымына қайта тағайындалған.

2009 жылдың қазан айынан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы.

]]>
Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы (4 наурыз 1958 жыл, Бесқайнар ауылы, Көксу ауданы/Киров ауданы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, педагог, химия мұғалімі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы.

'Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы Алматы облысы Киров(кәзіргі Көксу ауданы) ауданының Бесқайнар ауылында дүниеге келген. Орта білімін бітірген соң, жоғары білімді, Қазақ Ұлттық әл - Фараби атындағы университетінің химия факультетінде алған, 1979 жылы аяқтаған. Бірінші жұмысын орны 1979 жылы Алматы облысындағы, Көксу ауданындағы Амангелді атындағы орта мектепте химия пәнінің мұғалімі болған. 1981-1986 жылдар аралығында комсомолдық қызметте еңбек еткен.

Комсомолдық жұмыстардан кейін түрлі деңгейлерде партиялық жұмыс етті. Басында, 1986 жылдан бастап Талдықорған облыстық партия комитетінде нұсқаушы қызметін атқарған, ал 1991 жылы Талдықорған қалалық партия комитетінің хатшысы ретінде еңбек еткен.

1991 жылы партиялық жұмыстарды аяқтап білім саласында қызмет етті. 1992 жылға дейін Талдықорған облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында директордың орынбасары болды.

1992 -1996 жылдары Талдықорған қаласындағы №18 Б.Жолбарысұлы атындағы мектеп директорының қызметін атқарды.

1996 жылдан бастап қалалық атқарушы органдарында жұмыс жасаған. Талдықорған қаласының әкімінің орынбасары 1996 - 2002 болып, 2002 жылдың ақпан айынан ҚР Білім және ғылым Министрлігінде вице - министр лауазымына тағайындалған.

2005 - 2007 жылдары - «Бөбек» РМКК Ұлттық ғылыми практикалық білім және сауықтыру орталығының Бас директоры болған.

2007 ҚР Білім және ғылым Министрлігінде вице - министр лауазымына қайта тағайындалған.

2009 жылдың қазан айынан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы.

]]>
admin Sun, 10 Jan 2021 11:11:35 +0600