Алматыдан қос жүлде!
2018 жылдың 14 сәуір күні Алматы қаласында Көркем-Ой Академиясы ұйымдастырған "Dara-fest" білім мен өнер байқауында мектебіміздің 4ә сынып оқушылары топ жарды. Нұрдаулет Ерасыл "Бас жүлдені" жеңіп алса, Данабай Айжан 1 орынға ие болды. Ал осы байқауда жеңімпаздарды баулуда сіңірген еңбегі үшін бастауыш сынып мұғалімі Дүтбаева Ләззат Телібайқызы арнайы сертификатпен марапатталды. Байқаудың мақсаты – дарынды балалар мен жалынды жастардың басын қосып, өнерлерін сынға салу, қабілеттерін шыңдау.