Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Үздік шет тілі сабағы"
08
январь
2023
"Үздік шет тілі сабағы"
Шетел тілі пәні мұғалімдеріне арналған "Үздік шет тілі сабағы" қалалық байқауында мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абылқас Меруерт Төлеуханқызы ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Шахматтан үздік ойыншы атанды!
08
январь
2023
Шахматтан үздік ойыншы атанды!
Жергілікті кәсіптік одағының ұйымдастыруымен ШАХМАТТАН мектеп қызметкерлері арасында өткен жарыста мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Айнұр Ақтайлақ "Үздік ойыншы" атағына ие болып, облыстық жарысқа жолдама алды. Ал командамыз 5- орынға табан тіреді. Құттықтаймыз! Сондай-ақ ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН мектеп қызметкерлері арасында өткен жарыста мектебіміздің командасы кіші финалға шығып - ІҮ орынға табан тіреді. Жеңіс тұғырынан көрінейік!
Тоғызқұмалақтан өткен Жетісу облысының командалық чемпионатында топ жардық!
03
январь
2023
Тоғызқұмалақтан өткен Жетісу облысының командалық чемпионатында топ
2022 жылдың 30 желтоқсан күні Тоғызқұмалақтан өткен Жетісу облысының командалық чемпионатында мектебіміздің оқушылары, апалы-сіңлілі қыздарымыз, жеңіс тұғырынан көрінді! 7а сынып оқушысы Биқасым Алима ІІІ орынға ие болса, 4а сынып оқушысы Биқасым Аружан І орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз! Алар асуларын көп болсын!
Адамова Айдария Әлем чемпионы атанды!
27
декабрь
2022
Адамова Айдария Әлем чемпионы атанды!
4б сынып оқушысы Адамова Айдария Әлем чемпионы атанды! Алматы қаласында өткен Әлемдік "I World Clubs Majorette Sport and Cheerleading International Clubs Championship" атты черлидерлер чемпионатында I орынға ие болды. Хореограф жетекшісі - Борисова Юлия Геннадьевна, сынып жетекшісі - Рамазанова Сандуғаш Жұмабекқызы. Құттықтаймыз!🏆🥇
БАСКЕТБОЛДАН өткен жарыста қыздарымыз ІІ орын!
09
декабрь
2022
БАСКЕТБОЛДАН өткен жарыста қыздарымыз ІІ орын!
Мектебіміздің қыздар командасы Талдықорған қаласы орта мектептерінің "Ұлттық мектеп лигасы" аясында БАСКЕТБОЛДАН өткен жарыста 5-6 сыныптар бойынша ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жеңістен жеңіске жете берейік! 🏆🥇
"Ұлттық мектеп лигасы" аясында Тоғызқұмалақтан жүлде салынды!
08
декабрь
2022
"Ұлттық мектеп лигасы" аясында Тоғызқұмалақтан жүлде салынды!
Талдықорған қаласы орта мектептерінің "Ұлттық мектеп лигасы" аясында Тоғызқұмалақ спорт түрінен өткен жарыста мектебіміздің оқушылары жекелей сында жеңіс тұғырынан көрінді. Олар: 5-6 сыныптар бойынша Жанатова Дания 3-ші орын және Биқасым Аружан 2-ші орынға ие болды. 7-8 сыныптар бойынша 8б сынып оқушысы Сейдіғалым Бекжан 3-ші орынға ие болды. Ал 9-11 сыныптар бойынша жекелей сында 10а сынып оқушысы Арапова Ажар 1-ші орынға және 9ә сынып оқушысы Күмісбек Али 3-ші орынға ие болды. Жетекшісі д/ш
«Педагогикалық дебют-2022» байқауында ІІ орын!
21
ноябрь
2022
«Педагогикалық дебют-2022» байқауында ІІ орын!
2022 жылдың 17 қарашасы күні өткізілген қалалық «Педагогикалық дебют-2022» байқауында мектебіміздің жас маманы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бейсенбай Гүлдана жүлделі ІІ орынға ие болды. Жас мұғалімді алғашқы жеңісімен мектеп-лицей директоры Шалқар Мелісұлы Құдайбергенов құттықтап, алдағы ұстаздық қызметіне табыстар тіледі.
БАСКЕТБОЛДАН өткен жарыста ІІ орын!
17
ноябрь
2022
БАСКЕТБОЛДАН өткен жарыста ІІ орын!
Мектебіміздің ұлдар командасы Талдықорған қаласы орта мектептерінің "Ұлттық мектеп лигасы" аясында БАСКЕТБОЛДАН өткен жарыста 5-6 сыныптар бойынша ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жеңістен жеңіске жете берейік! 🏆🥇
Шахматтан ІІ орын!
15
ноябрь
2022
Шахматтан ІІ орын!
Мектебіміздің командасы Талдықорған қаласы орта мектептерінің "Ұлттық мектеп лигасы" аясында ШАХМАТ спорт түрінен өткен жарыста 7-8 сыныптар бойынша ІІ орынға ие болды. Олар: Айдархан Акылжан (8ә), Сейдіғалым Бекжан (8Б) және Биқасым Алима (7б сыныбы). Сондай-ақ 5-6 сыныптар бойынша Камалбеков Дастан (5в) үздік ойын көрсеткені үшін марапатталды. Жетекшісі д/ш пәнінің мұғалімі Базылжанов Айбек. Құттықтаймыз!🏆🥇
"Адал ұрпақ - 2022" байқауында үздіктер қатарынан көріндік
13
ноябрь
2022
"Адал ұрпақ - 2022" байқауында үздіктер қатарынан көріндік
Мектебіміздің оқушылары "Адал ұрпақ - 2022" ерікті мектеп клубтарының қалалық байқауында үздіктер қатарынан көрініп, Алғыс хатқа ие болды! Құттықтаймыз! #антикор #антикоррк #адалұрпақ #адалұрпақклубы