Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Менталды арифметикадан Бас жүлде!
09
август
2024
Менталды арифметикадан Бас жүлде!
2ә сынып оқушысы Дүйсенбек Қуаныш Халықаралық UCMAS менталды арифметика академиясы турнирінде екі мәрте жеңімпаз атанды. Сынып жетекшісі: Ақбаева Сания Айтбайқызы. Құттықтаймыз!
Шығыс жұлдыздары
08
август
2024
Шығыс жұлдыздары
2г сынып Өмірғали Айша Халықаралық “Шығыс жұлдызы” байқауында Бас жүлдеге ие болып, Дубайға жолдама алды.  3б сынып Ғалым Мәди Ташкентте өткен Халықаралық “Шығыс жұлдызы” байқауында І орынға ие болып, Дубайға жолдама алды. Құттықтаймыз!  
Мемлекет басшысы химиядан Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады
05
август
2024
Мемлекет басшысы химиядан Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эр-Риядта өткен химиядан 56-шы Халықаралық олимпиаданың жүлдегерлеріне құттықтау жеделхатын жолдады. – Еліміздің құрама командасы үшінші жыл қатарынан осынау беделді турнирде жоғары нәтижеге қол жеткізгені қуантады. Биыл сіздер екі алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алып, білім деңгейлеріңіздің өте жоғары екенін көрсеттіңіздер. Осы арқылы отандық білім беру саласының халықаралық ғылымдағы беделі зор әрі бәсекеге қабілетті екенін дәлелдедіңіздер. Бұл ретте
Халықаралық байқаудан Бас жүлде!
29
июль
2024
Халықаралық байқаудан Бас жүлде!
Мектебіміздің 7ғ сынып оқушысы Бисембаева Амина Ақтау қаласында өткен Халықаралық "Таланты Казахстана" атты байқауда би номинациясы бойынша Бас жүлдеге ие болды. Құттықтаймыз!
KazChess Fest 2024 турнирінде ІІІ орын!
20
июль
2024
KazChess Fest 2024 турнирінде ІІІ орын!
Халықаралық шахмат федерациясының 100 жылдығына орай, FIDE 100 Guiness World Records Attempt аясында ұйымдастырылған KazChess Fest 2024 турнирінде мектебіміздің 4б сынып оқушысы Болатұлы Жангелді ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!  
Қоян-қолтық ұрыстан І орын!
17
июль
2024
Қоян-қолтық ұрыстан І орын!
Мектебіміздің 9ә сынып оқушысы Хамзина Рауза қоян-қолтық ұрыстан Атырау қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында І орынға ие болды. Құттықтаймыз!
«TARTYL FEST» жарысында жеңімпаз атандық!
15
июль
2024
«TARTYL FEST» жарысында жеңімпаз атандық!
Талды қаламызда «Aula fit» жобасы аясында белтемірде тартылудан «TARTYL FEST» жарысы өтті. Тартысқа толы жарысқа 50 ден аса спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс қорытындысы бойынша мектебіміздің оқушылары үздік нәтиже көрсетті. I орынға Меделхан Бекарыс және III орынға Меделхан Бағжан ие болды. Құттықтаймыз!
“Жемқорлықсыз ел - гүлденген ел”
13
июль
2024
“Жемқорлықсыз ел - гүлденген ел”
"Жазғы алаң-2024" аясында Жетісу облысы білім басқармасының "Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының" ұйымдастыруымен “Жемқорлықсыз ел - гүлденген ел” тақырыбындағы өзін-өзі басқару ұйымының оқушыларымен өткен зияткерлік ойынында мектебіміздің 9”ғ” сынып оқушысы Сейдулла Айару үздіктер қатарынан көрініп, Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшілік еткен Бейсенбай Гүлдана мен сынып жетекшісі Қ.Ж.Қуанышбаев Алғыс хаттарға ие болды.
Азия Кубогында жүлделі ІІІ орынға ие болдық!
06
июль
2024
Азия Кубогында жүлделі ІІІ орынға ие болдық!
Мектебіміздің 11 сынып түлегі Кемелханқызы Нұршат дзюдо күресінен Алматы қаласында өткен Азия Кубогында жүлделі ІІІ орынға ие болып, осы аталмыш жарыстың екінші мәрте жүлдегері атанды. Нұршатқа білім гранты иегері атануына тілектеспіз! Құттықтаймыз!
"Әскери робото-техника" бағыты бойынша жүлделі ІІІ орын
01
июль
2024
"Әскери робото-техника" бағыты бойынша жүлделі ІІІ орын
Мектебіміздің 10б кадет сыныбы оқушысы Алпысбай Медет «Айбын-2024» Х халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны жарысында "Әскери робото-техника" бағыты бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз! - Осы жылғы жиынға барлығы 50 команда қатысты, солардың ішінде Әзірбайжан, Беларусь, Қырғыстан, Ресей, Өзбекстан елдерінен де әскери-патриоттық клубтарының тәрбиленушілері қатысып, бақтарын сынады.