Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жас барыс анықталды
06
ноябрь
2024
Жас барыс анықталды
Алматы қаласында қазақ күресінен кіші жасөспірімдер арасында өткен ашық турнирде мектебімздің 6б сынып оқушысы ⁠Сламхан Сұлтан І орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жарысқа 7 облыс, 2 қаладан 250-ге жуық спортшы қатысты.  
Жанаберлиева Салтанат Бейсенбаевна
04
ноябрь
2024
Жанаберлиева Салтанат Бейсенбаевна
Жанаберлиева Салтанат Бейсенбаевна 2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны:Жетісу облысы, Талдықорған қаласы,  «Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп – лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мектеп – лицей директоры, тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші. 3. Туған жылы және туған жері: 20.08.1973ж.Талдықорған облысы,Кербұлақ ауданы, Жоламан ауылы. 4. Үйінің мекен-жайы:Жетісу облысы,Талдықорған қаласы, Болашақ ш/а,16 үй, 15 пәтер 5. Жалпы жұмыс өтілі:34 жыл 6. Аталған еңбек ұжымындағы жұмыс
«Алтын тұғыр»
04
ноябрь
2024
«Алтын тұғыр»
 1 қараша күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының қалалық іріктеу кезеңі өткізілді. Аталмыш олимпиадаға No18 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, жүлделі орындардан көріне білді. Мухаметкажиева Гүлайым — ІІ орын. Нусупова Айгерім — ІІІ орын. Темірғалы Сабина мен Жаканова Жания — арнайы грамота мен сертификатқа ие болды. Құттықтаймыз!  
Облыстық "Ақберен" өнер байқауында І орын!
02
ноябрь
2024
Облыстық "Ақберен" өнер байқауында І орын!
“Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған шығармашыл оқушылар арасындағы “Ақберен” республикалық өнер байқауының облыстық кезеңінде Көркемсөз оқу номинациясы бойынша 11 сынып оқушысы Адельбаева Бибінұр І орынды жеңіп алып, республикалық байқауға жолдама алды. Жетекшісі: Айкерім Қанатқызы Жадрашова. Құттықтаймыз!
Ұстаздарымыз марапатталды
25
октябрь
2024
Ұстаздарымыз марапатталды
Мектебіміздің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Омаралин Бауыржан Төкенұлы 25 қазан - Республика күніне орай Талдықорған қаласы әкімі Ернат Бәзілдің Алғыс хатына және қалалық маслихаттың Құрмет грамотасына ие болды.  Ал информатика пәнінің мұғалімі Курманбаева Айдана Саятқызы мен тарих пәнінің мұғалімі Турганбекова Жазира Сайлаубекқызы 25 қазан - Республика күніне орай Талдықорған қаласы әкімі Ернат Бәзілдің Алғыс хатына ие болды. Құттықтаймыз!  
Дебаттық турнирде жеңімпаз атандық!
23
октябрь
2024
Дебаттық турнирде жеңімпаз атандық!
Мектебіміздің “Алаш” дебат клубының оқушылары қалалық “Жасанды интеллектің пайдасы мен зияны” атты дебаттық турнирде жеңімпаз атанды. Олар: “Баян Сұлу” тобы /Ақсая мен Рамина 10а/ - І орынға; “Көзайым” тобы /Алтынай мен Айғаным 8ғ/ ІІІ орынға ие болды.  Сондай-ақ аталмыш турнирде Жексембиева Рамина “Үздік спикер” атағына ие болды. Құттықтаймыз!
“Үздік педагог-психолог” байқауында жүлделі ІІ орын
22
октябрь
2024
“Үздік педагог-психолог” байқауында жүлделі ІІ орын
Мектебіміздің педагог-психологы Көкежанова Дана Қайратқызы қалалық “Үздік педагог-психолог” байқауында жүлделі ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жеңістен жеңіске жете берейік!  
"Үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі-2024" - І орын!
21
октябрь
2024
"Үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі-2024" - І орын!
Мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қартбай Хамит Аманбайұлы қалалық "Үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі-2024" байқауында І орынға ие болып, облыстық байқауға жолдама алды. Құттықтаймыз! Жетісу облысында үздіктер қатарынан көрінуге тілектеспіз!.  
“Кемел Тоқаевтың қазақ әдебиетіндегі рөлі” байқауында топ жардық!
18
октябрь
2024
“Кемел Тоқаевтың қазақ әдебиетіндегі рөлі” байқауында топ жардық!
2024 жылдың 11 қазан күні “Кемел Тоқаевтың қазақ әдебиетіндегі рөлі” атты дарынды балалар арасындағы қалалық шығармашылық байқау өтті. Аталмыш байқауда оқушыларымыз жеңіс тұғырынан көрінді. 1. «Жазушы ізімен – жас қаламгер» - номинациясы бойынша 9а сынып оқушысы Абикенов Мади ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Арайлым Базарбекова; 2. «Кемел Тоқаев туындылары –ұлттық құндылығымыз» - атты сахналық қойылым номинациясы бойынша Құралхан Айғаным (9ғ), Изенбай Рахымжан (9ғ), Берікұлы Есен (9ғ), Серікбек
"Еңбек адамы" медальдарымен марапатталды
11
октябрь
2024
"Еңбек адамы" медальдарымен марапатталды
10 қазан - Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күні аясында мектеп директоры Салтанат Бейсенбайқызы Жанаберлиева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қайыржан Жұмабекұлы, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Хамит Аманбайұлы ҚР "Қызмет" МБҚК Салалық кәсіподақ қоғамдық бірлестігінің "Еңбек адамы" медальдарымен марапатталса, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Айдар Биқасымұлы Құрмет Грамотасымен марапатталды. Құттықтаймыз!