Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектебіміздің ұлағатты ұстаздары марапатталды!
09
март
2023
Мектебіміздің ұлағатты ұстаздары марапатталды!
Бастауыш сынып мұғалімі Лаубаева Айнұр Ысқаққызы Жетісу облысы Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталса, директордың орынбасары, химия пәнінің мұғалімі Қалипанова Айгүл Тоқтарбекқызы мен бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Қамаш Ануарбекқызы Жетісу облыстық мәслихатының Алғыс хаттарымен марапатталды. Құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жана берсін!  
АӘТД пәнінің оқытушысы Мустафинов Бауыржан Нұрланұлы марапатталды!
07
март
2023
АӘТД пәнінің оқытушысы Мустафинов Бауыржан Нұрланұлы марапатталды!
Мектебіміздің АӘТД пәнінің оқытушысы Мустафинов Бауыржан Нұрланұлы қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор А.Джумакеевтың Алғыс хатымен және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің мерейлі 30 жылдық төсбелгісімен марапатталды. Құттықтаймыз! Еңбегіңіз өрлей берсін!  
"Жыл мұғалімі-2023" байқауы өткізілді
06
март
2023
"Жыл мұғалімі-2023" байқауы өткізілді
2023 жылдың 03 наурыз күні мектепішілік "Жыл мұғалімі-2023" байқауы өткізілді. Байқау 2 бағытта өткізілді: "Үздік педагог" және "Үздік сынып жетекші". Сайыстың мақсаты — талантты мұғалімдерді анықтау, білім берудің жаңашылдық педагогикалық тәжірибесін насихаттау, педагогтардың шығармашылық өсуін қолдау, мұғалімнің жеке басының дамуын ынталандыру. Қорытындысында "Үздік педагог" бойынша І орынға ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мөлдір Қараева,  ІІ орынға бастауыш сынып мұғалімі Алтынай Шағатаева,
Жас ақындар айтысында І орын!
06
март
2023
Жас ақындар айтысында І орын!
Мектебіміздің 9а сынып оқушысы Данабай Айжан облыстық "Жыр алыбы - Жамбыл" атты жас ақындар айтысында І орынға ие болды. Айтыс мақсаты: мектеп оқушылары арасында Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын насихаттау, жас ақындардың суырып салмалық қабілеттерін, тума таланты мен табиғи дарындарын анықтау, жас айтыскерлерге әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. Құттықтаймыз!  
Жетісу облыстық "Шәкәрім оқулары" байықауында үздіктер қатарынан көріндік!
04
март
2023
Жетісу облыстық "Шәкәрім оқулары" байықауында үздіктер қатарынан
Ұлттық "Оқитын ұлт" және "Әдебиет - ұлт жанының айнасы" атты республикалық жобалар аясында ұлы ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық "Шәкәрім оқулары" байықауында 5в сынып оқушысы Тәкен Санат үздіктер қатарынан көрініп Дипломмен және республикалық Алғыс хатпен марапатталса, 7а сынып оқушысы Одгонбай Аяна республикалық Алғыс хатпен марапатталды. Ал мектебіміздің кітапханашысы Мария Данабатшақызы Ботаева шәкірттерді дайындап қатыстырғаны үшін Алғыс хатпен
"Үздік педагог" және "Үздік жас педагог" төсбелгісімен марапатталды!
01
март
2023
"Үздік педагог" және "Үздік жас педагог" төсбелгісімен марапатталды!
01.03.2023 Алғыс айту күні мектебіміздің мұғалімдері Қазақстан Республикасы Педагогтар Қоғамының шешімімен білім беру саласына қосқан елеулі үлесі үшін: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышбаев Қайыржан Жұмабекұлы "Үздік педагог" төсбелгісімен; Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, жас маман Абылқас Меруерт Төлеуханқызы "Үздік жас педагог" төсбелгісімен марапатталды. Марапатқа ие болған үздіктерді мектеп директоры Шалқар Мелісұлы қабылдап, өз құттықтауын білдірді. Құттықтаймыз!
Панкратионнан кезекті жеңіс!
22
февраль
2023
Панкратионнан кезекті жеңіс!
Панкратион жекпе-жегінен Қостанай қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында 10б сынып оқушысы Айтмұханбет Әбілмансұр І орынға ие болса, 10ә сынып оқушысы Ерболқызы Жанбота ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз! 
"Бұрымды қыз-2023" байқауында Бас жүлде!!!
21
февраль
2023
"Бұрымды қыз-2023" байқауында Бас жүлде!!!
Қалалық "Бұрымды қыз-2023" байқауында мектебіміздің 9г сынып оқушысы Адельбаева Бибінұр "Бас жүлдені" жеңіп алып, облыстық байқауға жолдама алды. Ару қызымызды дайындаған: жас мамандарымыз Бейсенбай Гүлдана мен Базарбекова Арайлымға, ұйымдастырушы Бақыт Тайыржанқызына және "Жас Ұлан" ұйымының қыздарына Алғыс білдіреміз. Құтты болсын! Облыстық кезеңде жеңімпаз атанайық!  
"Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз" байқауында І орын!
20
февраль
2023
"Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз" байқауында І орын!
Мектебіміздің информатика пәнінің мұғалімі Құрманбаева Айдана Саятқызы қалалық "Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз" байқауында І орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. Құттықтаймыз!