Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық байқауға жолдама алдық!
14
март
2024
Республикалық байқауға жолдама алдық!
Республикалық “Әбіш оқулары” конкурсының облыстық кезеңінде сахналық қойылым бағытынан біздің оқушыларымыз 1 орынға ие болып, Маңғыстауда өтетін Республикалық байқауға жолдама алды. Олар: Адельбаева Бибинур, Нұрқасым Мубина, Шалқар Салтанат, Жақсылық Әбілмансұр, Абикенов Мади. Жетекшісі Жадрашова Айкерім Қанатқызы. Құттықтаймыз!
“Каратэ қыз” ашық турнирден  жүлде!
11
март
2024
“Каратэ қыз” ашық турнирден жүлде!
 Каратэ жекпе-жегінен “Каратэ қыз” ашық турнирінде мектебіміздің қыздары жеңіс тұғырынан көрінді! 11ә сынып оқушысы Ерболқызы Жанбота ІІ орынға, 2г сынып оқушысы Асқар Айсана ІІІ орынға және 7б сынып оқушысы Бауыберік Інжу ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!   
Шахматтан «Ақбозат» атты облыстық жарыста І орын!
07
март
2024
Шахматтан «Ақбозат» атты облыстық жарыста І орын!
«Ұлтық мектеп лигасы» аясында шахматтан 5-6 сынып оқушылары арасында өткен «Ақбозат» облыстық жарыста Талдықорған қаласы атынан шыққан мектебіміздің жас шахматшылары 1 орын иеленіп, Семей қаласында өтетін Республикалық жарысқа жолдама алды. Олар: Мұхаммеджан Аяулым (6Ә), Камалбеков Дастан (6В), Сманов Дамир (6б), Яасынбекұлы Самұрат (5Г). Жетекшісі А.Базылжанов. Құттықтаймыз! Республикалық жарыста сәттілік тілейміз!
"Әкем, шешем және мен достасамыз спортпен!"
06
март
2024
"Әкем, шешем және мен достасамыз спортпен!"
"Даналық мектебі" мен "Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер!" жобасы аясында үстіміздегі жылдың 04 наурыз күні мектебімізде бастауыш сынып бірлестігінің апталығы шеңберінде 1 сыныптар арасында "Әкем, шешем және мен достасамыз спортпен!" атты отбасылық- эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Аталмыш шараның басты мақсаты: ата-аналарды мектепке тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, балалардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.  
Қалалық “Әбіш оқулары” байқауында І орын!
04
март
2024
Қалалық “Әбіш оқулары” байқауында І орын!
Республикалық “Әбіш оқулары” конкурсының қалалық кезеңінде сахналық қойылым бағытынан біздің оқушыларымыз 1 орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. Олар: Адельбаева Бибинур, Нұрқасым Мубина, Шалқар Салтанат, Жақсылық Әбілмансұр, Абикенов Мади. Жетекшісі Жадрашова Айкерім Қанатқызы. Құттықтаймыз!
"Атомдық қару" тобы жүлделі ІІІ орын!
28
февраль
2024
"Атомдық қару" тобы жүлделі ІІІ орын!
Мектебіміздің дебатшылары "Пікірсайыс" бағдарламасы бойынша өткен қалалық пікірсайыс турнирінде нәтижелі ойын көрсетті! Қазақ лигасы бойынша "Атомдық қару" тобы жүлделі ІІІ орынға ие болса, ағылшын лигасы бойынша "Алаш" тобы Алғыс хатқа ие болды. Жетекшісі Н.Ахметханов. Құттықтаймыз!
Нұршат екінші мәрте Қазақстан Республикасының чемпионы атанды!
28
февраль
2024
Нұршат екінші мәрте Қазақстан Республикасының чемпионы атанды!
11ә сынып оқушысы Кемелханқызы Нұршат дзюдодан жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында І орынға ие болды. Түркістан 2024 ж. Құттықтаймыз!  
"Бұлақ көрсең көзін аш. Шығармашыл тұлғаны тәрбиелейміз"
24
февраль
2024
"Бұлақ көрсең көзін аш. Шығармашыл тұлғаны тәрбиелейміз"
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бағдарламасы" жоспары негізінде 22.02.24 күні ДТЖ орынбасары Б.Тайыржанқызының жетекшілігімен "Бұлақ көрсең көзін аш. Шығармашыл тұлғаны тәрбиелейміз" тақырыбында 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына кезекті тренинг-дәріс өткізілді. Дәріс жүргізген ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нұршекова Айнұр Манапқызы.
"Ұлттық мектеп лигасы" - БАСКЕТБОЛДАН ІІІ орын!
23
февраль
2024
"Ұлттық мектеп лигасы" - БАСКЕТБОЛДАН ІІІ орын!
Мектебіміздің ұлдар командасы Талдықорған қаласы орта мектептерінің "Ұлттық мектеп лигасы" аясында БАСКЕТБОЛДАН өткен жарыста 5-6 сыныптар бойынша ІІІ орынға ие болды. Бапкері Сұлтан Балқыбеков. Құттықтаймыз! Жеңістен жеңіске жете берейік!  
“Жетісу ділмарлары” пікірсайыс ойындарында ІІІ орын!
21
февраль
2024
“Жетісу ділмарлары” пікірсайыс ойындарында ІІІ орын!
“Жетісу ділмарлары” пікірсайыс қозғалысы жобасының “Талдықорған қалалық іріктеу турнирінде” мектебіміздің "Атомдық қару" дебат фракциясы жүлделі III орынға ие болды. Олар 9 сынып оқушылары Асқар Томирис пен Жексембиева Рамина. Жетекшісі Ахметханов Нұржан "Үздік төреші" атанды. Құттықтаймыз!