Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жас өрт сөндірушілер" жарысы - ІІІ орын!
23
май
2023
"Жас өрт сөндірушілер" жарысы - ІІІ орын!
Мектебіміздің 6 сынып оқушылары Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырған қалалық "Жас өрт сөндірушілер" жарысына қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!  
"Мектеп медиация қызметін қалыптастыру"
22
май
2023
"Мектеп медиация қызметін қалыптастыру"
Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы No18 орта мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Туғанбаева Рысжамал Абдырахманқызы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Ж.Қуанышбаев екі күндік "Мектеп медиация қызметін қалыптастыру" тақырыбындағы оқыту семинарында дәріс алып, сертификаттарға ие болды. Суретте: қазіргі кезде қызметте жүрген мектебіміздің түлектері.  
Республикалық "Алтын Сақа" математикалық олимпиадада ІІ орын!
20
май
2023
Республикалық "Алтын Сақа" математикалық олимпиадада ІІ орын!
Мектебіміздің 5а сынып оқушысы Ақыл Дарын республикалық "Алтын Сақа" математикалық олимпиадада ІІ орынға ие болды! Жетекшісі Ә.Сванкулова. Құттықтаймыз!  
«Менің мектебім буллингке қарсы!»
20
май
2023
«Менің мектебім буллингке қарсы!»
19.05.2023 күні еліміз бойынша «Менің мектебім буллингке қарсы!» ұранымен жалпы республикалық флешмоб өткізілуде. Осы орайда мектебіміздің белсенді оқушылары флешмобқа қатысып, өздерінің БУЛЛИНГЕ қарсылығын білдіріп жатыр! Толығырақ: https://www.instagram.com/p/CsaU2t2g_Tb/?hl=ru  https://www.instagram.com/p/CsaTl6FA2of/?hl=ru #біздіңмектепбуллингкеқарсы   #stopbullying
"Абайланыз балалар!"
19
май
2023
"Абайланыз балалар!"
Талдықорған қаласының аумағында ағымдағы жылдың 15-31 мамыр аралығында "Абайланыз балалар!" республикалық жедел профилактикасы өткізілуде. Осы орайда мектебіміздің жас кадеттері жол ережесін сақтау туралы дәріс сағаттарын өткізді.
“Жетісу дарыны” орталығының Алғыс хатымен марапатталдық
18
май
2023
“Жетісу дарыны” орталығының Алғыс хатымен марапатталдық
Облыстық байқауларда жүлдегер шәкірттер дайындағаны үшін Облыстық “Жетісу дарыны” орталығының Алғыс хатымен мектебіміздің мұғалімдері марапатталды. Олар: технология пәнінің мұғалімі Бауыржан Төкенұлы, Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Анел Мұратханқызы, Айдана Бимуханбетқызы, Гүлдана Бейсенбайқызы.  
Абенова Айдана Бимуханбетовна "Білім беру ісінің үздік педагогы" атты төсбелгісімен марапатталды
18
май
2023
Абенова Айдана Бимуханбетовна "Білім беру ісінің үздік педагогы" атты
"BILIM-ORKENIETI" ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ұйымдастыруымен өткізілген "Ана тілім айбыным" атты республикалық байқауына қатысып жеңімпаз атанған Тоқан Ақнұр Бағдатқызы І дәрежелі дипломмен, жетекшісі Абенова Айдана Бимуханбетовна "Білім беру ісінің үздік педагогы" атты төсбелгісімен және куәлікпен марапатталды. Құттықтаймыз!  
"Пара берсең жазаланасың"
17
май
2023
"Пара берсең жазаланасың"
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Осы орайда "Адал ұрпақ" клубының белсенді мүшелері мекеме қызметкерлеріне, ата-аналарға және қала тұрғындарына "Пара берсең жазаланасың" атты жадынама таратты. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға әр азамат үлес қосу керектігін есептесек, қылмыстың бұл түріне қарсы жаппай қоғамдық иммунитет қалыптастыру мен кешенді шаралар әзірлеу басты назарда болғаны жөн. Жадынама
Панкратионнан Халықаралық турнирде жеңіс тұғырынан көріндік!
16
май
2023
Панкратионнан Халықаралық турнирде жеңіс тұғырынан көріндік!
Панкратион жекпе-жегінен Алматы қаласында өткен "Saq Pankration Ligasy" халықаралық турнирінде 10б кадет сыныбы оқушысы Айтмұханбет Әбілмансұр І орынға, 10ә сынып оқушысы Әділхан Арсен және 7а сынып оқушысы Ерболұлы Ерсұлтан өз салмақ дәрежелерінде ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!   
"Адал ұрпақ - ұлт болашағының кепілі"
15
май
2023
"Адал ұрпақ - ұлт болашағының кепілі"
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлық іс-қимыл агенттігінің бастамсымен "Адал ұрпақ - ұлт болашағының кепілі" тақырыбында мектебімізде бірыңғай "Адалдық сағаттары" өткізілді. Мақсаты- оқушыларға адалдық ұғымын ұғындыру, адамгершілік, бауырмалдық, шынайылық қасиеттерін бойларына сіңіру. Халықтың мүддесін өз мүддесінен артық қоя алатын, білімді, тәрбиелі, парасатты ұрпақ тәрбиелеу.