Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Зорлық-зомбылыққа ұшырап жүрген жоқсың ба?» сауалнамасы
16
февраль
2024
«Зорлық-зомбылыққа ұшырап жүрген жоқсың ба?» сауалнамасы
"Мектеп медиациясы" бойынша 15-16.02.2024 күндері мектеп әкімшілігі мен психологтары 4-11 сынып оқушыларынан «Зорлық-зомбылыққа ұшырап жүрген жоқсың ба?» сауалнамасын алып жатыр. Сауалнаманы алудағы мақсат өзі оқитын мектепте бопсалаушылық деректері, қоқан – зорлық, буллинг-кибербуллинг көрсететін оқушылар бар ма, олар кімдер, қай сыныптың оқушылары? Қорытындысы шығарылып, зерттеу хаттамалары толытырылды.
“Баланың тапқырлығы мен эрудициясын қалай дамытуға болады”
16
февраль
2024
“Баланың тапқырлығы мен эрудициясын қалай дамытуға болады”
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бағдарламасы" жоспары негізінде ДТЖ орынбасары Б.Тайыржанқызының жетекшілігімен ​"Баланың тапқырлығы мен эрудициясын қалай дамытуға болады"​​​ атты 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына кезекті дәріс өткізілді. Дәріс жүргізген бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Теміржанова Ләззат Жөкенқызы. Сабақтың мақсаты: ата-аналардың үйде балалардың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуға бағытталған интеллектуалдық ойындар мен жаттығуларды қолдану дағдыларын
“Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру”
16
февраль
2024
“Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру”
Оқушылардың ынтымақтастығын жақсарту мақсатында 5г, 6а сыныптарында іс-әрекетті зерттеу жұмыстары бойынша 05.02-16.02.24 күні аралықтарында әдеп менторы мен мектеп психологтары ​"Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру"​​​, “Татулық-достық кілті” тақырыптарында тренингтік ойын-жаттығулар жүргізді. Видеосы https://www.instagram.com/p/C3XRpFIIpZD/?img_index=1
Биқасым Алима екі мәрте жүлдегер атанды!
15
февраль
2024
Биқасым Алима екі мәрте жүлдегер атанды!
Мектебіміздің 8а сынып оқушысы Биқасым Алима тоғызқұмалақтан өткен Жетісу облысының чемпионатында екі мәрте жеңіс тұғырынан көрінді! Рапид бойынша ІІІ орын және Классика бойынша ІІІ орынға ие болды. Бапкері Айдар Биқасымұлы Шеңгелбаев. Құттықтаймыз!  
«Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз!» плакаттар көрмесі
14
февраль
2024
«Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз!» плакаттар көрмесі
Мектебімізде 5-7 сыныптар арасында «Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз!» атты плакаттар көрмесі өткізілді.
"Интернетсіз бір күн!" акциясы
13
февраль
2024
"Интернетсіз бір күн!" акциясы
"Досболlike" жобасы аясында, Біртұтас тәрбие жоспарына сай 09.02.2024 күні мектебімізде "Интернетсіз бір күн!" акциясы өткізілді. Акцияға "Мектеп парламенті" мен "Жас Ұлан" ұйымы мүшелері және сынып старостасталары мен спорт секторлары қатысты. Осы бір күн бойы оқушыларымыз ұялы телефонсыз жүріп, "Ән шырқайық бәріміз!" ұранымен караоке айтты, "Movie Time" ұранымен отандық фильмді тамашалады және эстафеталық ойынға қатысып қайтты. Шараның негізгі мақсаты: Интернет тәуелділіктің алдын алу.
"Қазақ ғылымының атасы - Қаныш Сәтбаев"
13
февраль
2024
"Қазақ ғылымының атасы - Қаныш Сәтбаев"
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 8 сынып оқушыларымен "Қазақ ғылымының атасы - Қаныш Сәтбаев" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш шараға І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің география пәні мұғалімі, доцент Еркін Айыпұлы Тоқпанов және Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясының кітапхана меңгерушісі Баймұханова Ардақ Жумановна қатысты. Шараны ұйымдастырған мектебіміздің кітапхана меңгерушісі М.Д.Ботаева. Мақсаты: Оқушыларға Қаныш Сәтбаев және оның жетістіктері мен еңбектері
«Ерекше әлем»
12
февраль
2024
«Ерекше әлем»
Біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі идеяларын іске асыру мен мектеп оқушыларының көркем-эстетикалық, танымдық-мәдени қызығушылық қасиеттерін дамыту мақсатында 2024 жылдың 9 ақпанында «Көркемөнер галереясы» МКҚК-да Көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған Талдықорған қаласындағы «Балалар көркемсурет мектебі» ұстаздарының «Ерекше әлем» атты жинақталған көрмеге мектебіміздің 7 сынып оқушыларына танымдық саяхат ұйымдастырылды.  
Салауаттылық - денсаулық кепілі!
10
февраль
2024
Салауаттылық - денсаулық кепілі!
"Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер" жобасы аясында 06.02.2024 күні Жетісу облыстық наркологиялық диспансері мен "Салауатты өмір салтын насихаттау" кабинетінің қызметкерлері келіп "Вирустардан қалай қорғанамыз", "Көкжөтел дегеніміз не?", "Дұрыс тамақтану", "Дұрыс ұйықтау" және "Зиянды әдеттерден сақтанайық" тақырыптарында оқушылармен кездесу өткізді. Мақсаты: Қазіргі жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға көзқарастарын ашу және соған ықпал ету. Нашақорлықтың алдын алу болып
"Ғаламат" тобы І орынға ие болды!
09
февраль
2024
"Ғаламат" тобы І орынға ие болды!
Би, шешен, мемлекет қайраткері Әйтеке Байбекұлының туғанына 380 жыл толуына орай «Әйтеке биден қалған сөз» атты шешендік сөздерден сайыс өтті. Қазақ халқының даналығы мен дәстүрлі шешендік асыл қазынасын оқырмандарға ұғындыру, мән-мағынасын ашу. Жас ұрпақты шешендік сөздер арқылы тапқырлыққа, шапшандыққа тәрбиелеу мақсатында өткен сайысқа қала мектептерінің 8 сынып арасында Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі мен М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының үш оқушыдан құралған 2