Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Таза Қазақстан" сурет байқауы
26
сентябрь
2024
"Таза Қазақстан" сурет байқауы
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында оқушылар арасында сурет байқауы өтті
«Ақбозат» облыстық жарыста топ жардық!
25
сентябрь
2024
«Ақбозат» облыстық жарыста топ жардық!
«Ұлтық мектеп лигасы» аясында Шахматтан өткен «Ақбозат» облыстық жарыста оқушыларымыз жалпы командалық және жекелей есепте І орынға ие болды. Олар: Талғат Раян Дидарұлы - 6В сынып, Бектнур Батыр Болатұлы - 5А сынып, Сманов Али Маратжанович - 5Ә сынып, Жаңабай Жаннұр Жандосқызы - 5Ә сынып. Жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Базылжанов Айбек Ахметқалиұлы. Құттықтаймыз!
Профилактикалық жұмыстар жүргізілуде
24
сентябрь
2024
Профилактикалық жұмыстар жүргізілуде
Мектебіміздің "Әдеп және құқық" менторы М.Е.Сарсебаев пен ДТЖ орынбасары Қ.Ж.Қуанышбаев 2-11 сынып аралығында әр сыныпқа кіріп, оқушыларға құқықбұзушылыққа, жаман әдетке бармау, буллинг жасамау, біреудің мүлкін сұраусыз алмау, түнгі уақытта қараусыз жүру (қаңғыру), сондай-ақ ата-анананың баласы үшін заң алдында жауапты екендігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  
Прокурор еркін форматта оқушылармен дәріс өткізді
23
сентябрь
2024
Прокурор еркін форматта оқушылармен дәріс өткізді
20.09.2024 күні ҚР БП ҚОЖАЕАЖК-нің Жетісу облысы бойынша Департаментінің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру аға прокуроры Омарханов Талғат Әскербекұлы мектептің 10-11 сынып оқушыларымен "Жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу", "Алаяқтық", "Жол қауіпсіздігі", "Құқықбұзушылық" тақырыптарында еркін форматта дәріс өткізді. Сондай-ақ ДТЖ орынбасары Қ.Ж.Қуанышбаев пен "Әдеп-құқық" менторы М.Е.Сарсебаев "Әлімжеттік (буллинг) қауіпі" туралы профилактикалық әңгіме-кеңес
Республикалық "Батагөй" байқауында ІІІ орын!
21
сентябрь
2024
Республикалық "Батагөй" байқауында ІІІ орын!
Алматы облысы Жамбыл ауылында өткен Республикалық "Батагөй"байқауында мектебіміздің "Әкелер мектебі" кеңесінің мүшесі, батагөй Серікбек Балқыбеков пен немересі, мектебіміздің 9ғ сынып оқушысы Серікбек Әли жүлделі ІІІ орынды жеңіп алып, 100000 тг сертификатына ие болды. Құттықтаймыз!  
"Жасөспірім шақтағы ерте жүктіліктің алдын алу"
20
сентябрь
2024
"Жасөспірім шақтағы ерте жүктіліктің алдын алу"
18.09.2024 күні "Әдеп және құқық" менторлық жобасы аясында Талдықорған қалалық емхана қызметкерлері қыз балалармен "Жасөспірім шақтағы ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында жиналыс өткізді. Сондай-ақ ДТЖ орынбасарлары әлеуметтік желідегі "Анон" тәрізді парақшалардың қауіп алып келетіндігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. ​https://www.instagram.com/p/DAGwe1vpAP2/​​​
“Махамбет оқуларына” қатысып, жүлдемен оралды
19
сентябрь
2024
“Махамбет оқуларына” қатысып, жүлдемен оралды
18.09.2024 жылы мектебіміздің оқушылары қалалық “Махамбет оқуларына” қатысып, жүлдемен оралды. “Ұлы Арман”- Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық сурет салу бағыты бойынша 2 орын-Амантай Нұрай мен Ыбырай Балнұр. Жетекшісі: Омаралин Бауыржан. “Ел құтқарар ер едім” - Махамбет шығармаларын жатқа оқу бағыты бойынша 3 орын-Ноғайбай Досым. Жетекшісі: Садуакасова Анар. “Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер” бағыты бойынша 1 орын - Серік Арай. Жетекшісі:Абенова Айдана. Құттықтаймыз!
«Бала тәрбиесі – басты құндылық»
18
сентябрь
2024
«Бала тәрбиесі – басты құндылық»
2024 жылғы 18 қыркүйек күні Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру, құндылықтарды білім, тәрбие, білік және дағды түрінде оқу-тәрбие процесінде ұйымдастыру, өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Бала тәрбиесі – басты құндылық» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына Жетісу облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ахметова Гүлмира Тойғанбекқызы, "Әкелер мектебі" кеңесінің мүшесі, батагөй ақсақалымыз Серікбек
"ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІ-2024" байқауында ІІ орын!!!
17
сентябрь
2024
"ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІ-2024" байқауында ІІ орын!!!
2024 жылдың 16-17 қыркүйек күндері қалалық "Үздік сынып жетекшісі - 2024" байқауы өтті. Аталмыш байқауда мектебіміздің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жадрашова Айкерім Қанатқызы ІІ орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз! Алар асуларын көп болсын!Жеңістен жеңіске жете берейік!