"Қош келдің, Жаңа жыл!" атты Президенттік шырша өтті
24.12.2024 күні Талдықорғанда "Қош келдің, Жаңа жыл!" атты мерекелік шырша өтті Облыс әкімдігі мен білім басқармасы ұйымдастырған шараға 200 бала қатысты: аз қамтылған, көп балалы отбасылардан, жетім және қамқоршылықтағы, сондай-ақ оқу озаттары мен шығармашыл балалар. Облыс әкімі балаларға планшет, рюкзак, тәттілер мен құттықтау қағаздарын сыйлады. Мереке ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен ойындар, би және театрландырылған қойылыммен жалғасты. 231 балаға тәтті сыйлықтар берілді.