Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бракераж комиссиясының кезекті тексерісі болды.
03
февраль
2025
Бракераж комиссиясының кезекті тексерісі болды.
2025 жылдың 31 қаңтар күні бракераж комиссиясының кезекті тексерісі болды. Тексеру барысында мектеп асханасының ас әзірлеу блогының тазалығы, ас әзірлейтін ыдыстары, тамақтың сапасы мен мөлшері, тоңазытқыштың тазалығы, шикі өнімдерді сақтайтын қойманы және тағамға ас пісіруге қажетті тағамдардың жарамдылық мерзімін, ас мәзірінің дұрыс құрылуы мен нормаға сәйкестігі, дайын тамақтың каллориясы, асхананың тазалығы қаралды. 2 апталық мәзір, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай тамақ мөлшері,
“Отбасылық үйлесімділіктің кілті – сенімді қарым-қатынас”
01
февраль
2025
“Отбасылық үйлесімділіктің кілті – сенімді қарым-қатынас”
“Ата-аналарды педагогикалық қолдау” орталығы жоспарына сай 30.01.2025 күні 1-4 сынып ата-аналарымен “Отбасылық үйлесімділіктің кілті – сенімді қарым-қатынас” тақырыбында кезекті дәріс өткізілді. Мақсаты: ата-аналарға балалармен сенімді қарым-қатынас негізінде отбасында үйлесімділік құру қажеттілігі туралы түсінік беру. Міндеттері: ата-аналарды балалармен үйлесімді, сенімді қарым-қатынас орнатуға ынталандыру; ата-аналардың балалар мен ата-аналар арасындағы сенім туралы түсініктерін қалыптастыру
“ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ” ЧЕЛЛЕНДЖІ - эстафеталық ойын
31
январь
2025
“ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ” ЧЕЛЛЕНДЖІ - эстафеталық ойын
Мектебімізде “Мектеп парламенті” мен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 6 сыныптар арасында “Есірткіге жол жоқ!” атты эстафеталық ойындар өткізілді. Нәтижесінде І орынға 6б сыныбы, ІІ орынға 6в мен 6ә сыныптары және ІІІ орынға 6а мен 6г сыныптары ие болды. Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау және тарту, балалардың физикалық, психологиялық және эмоционалдық денсаулығына ықпал ету, оларды кез-келген жаман әдеттен саналы түрде бас тартуға ынталандыру.  
Парақорлық бойынша жасырын сауалнама алында
30
январь
2025
Парақорлық бойынша жасырын сауалнама алында
Оқушылар  арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 9-10-11 сынып оқушыларынан "Сыбайлас жемқорлықпен күрес-көптің ісі" атты жасырын сауалнама алынды. Жүргізілген сауалнаманың негізгі мақсаты — киелі өңірдің білім беру ошақтарында туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оның орын алуына жол бермеу.  Нәтижесінде оқушыларымыз парақорлық пен жемқорлық жағдайы кездескен жоқ деп жауап берді.
"Балауса" қыздар ұйымының кезікті отырысы
30
январь
2025
"Балауса" қыздар ұйымының кезікті отырысы
"Балауса" қыздар ұйымы жоспарына сай 2025 жылдың 29 қаңтар күні №1 Талдықорған қалық емханасы, "Салауатты өмір салты" орталығының маманы С.Е.Тұтқабаева жоғары сынып қыздарымен "Жеке бас гигиенасы", "Ерте жүктілікті болдырмау", "Жұқпалы аурулардың алдын алу" тақырыптарында семинар өткізді. Шара соңында ақпараттық материалдар таратылды. ​https://www.instagram.com/p/DFckF2Sp-Ls/​​​
Үздік атандық!
29
январь
2025
Үздік атандық!
2024 жылдың қорытындысы бойынша шахмат спорт түрінен 6в сынып оқушысы Талғат Раян "Үздік спортшы" атағына ие болса, мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Базылжанов Айбек "Үздік жаттықтырушы" атағына ие болды. Құттықтаймыз!💯  
Қазақ күресі батыры
28
январь
2025
Қазақ күресі батыры
Мектебіміздің 8в сынып оқушысы Тұрсын Дастан қазақ күресінен Жетісу облысының чемпионатында І орынға ие болды. Құттықтаймыз! 
Қалалық “Пікірсайыс” турнирінде ІІ орынға ие болдық!
27
январь
2025
Қалалық “Пікірсайыс” турнирінде ІІ орынға ие болдық!
Мектебіміздің “Алаш” дебат клубының “Болашақ тобы”, 7б кадет сыныбы оқушылары қалалық “Пікірсайыс” турнирінде ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Н.Ахметханов. Құттықтаймыз! Олар: 1 Ахмолдаева Аяулым 2 Тәкенұлы Санат 2 Талғатбек Малика 3 Елтай Ақбаян
STEM кабинеті ашылды!
25
январь
2025
STEM кабинеті ашылды!
Бүгін Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде ерекше күн! 🌟 1992-1996 жылдары дәл осы мектепті басқарған, білім саласының майталманы Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова апайымыздың және «Альянс-Техносервис» компаниясының қолдауымен STEM кабинеті салтанатты түрде ашылды! STEM кабинеті – оқушылар үшін ғылым мен технология әлеміне енуге, шығармашылық жобалар жасауға және болашаққа батыл қадам басуға мүмкіндік беретін инновациялық орталық.  Ашылу салтанатына Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова,
"Бір мамандық- екі ұрпақ: кәсіпті таныстыру"
24
январь
2025
"Бір мамандық- екі ұрпақ: кәсіпті таныстыру"
Біртұтас тәрбие бағдаламасы негізінде, "Мамандықтар марафоны" аясында 23.01.2025 күні 9 сынып оқушылары мен жетекшілері арасында "Бір мамандық- екі ұрпақ: кәсіпті таныстыру" байқауы өткізілді. Нәтижесінде І орынға 9б сыныбы, ІІ орынға 9г мен 9ғ сыныбы және ІІІ орынға 9а, 9ә, 9в сыныптары ие болды. Құттықтаймыз! Шараның мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру, еңбекке деген құштарлықтарын ояту.