Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Курсанттар оқушылармен кездесті
13
февраль
2025
Курсанттар оқушылармен кездесті
Мектебімізде тұңғыш ашылған кадет сыныбының 2024 жылғы түлектері, қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 1 курс курсанты курс старшинасы, азаматтық қорғау кіші сержанты Айтмұхамбет Әбілмансұр Әсетұлы мен ҚР ІІ министрлігі Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 1 курс курсанты взвод командирі, азаматтық қорғау кіші сержанты Әділхан Әділет Нұрланұлы мектебіміздің кадет сыныбы оқушыларымен кездесіп, кәсіптік бағдар берді.
"Жас жігер" ұлдар ұйымының кезекті жиналысы
12
февраль
2025
"Жас жігер" ұлдар ұйымының кезекті жиналысы
"Жас жігер" ұлдар ұйымы жоспары негізінде 12.02.2025 күні ДТЖ орынбасары Қ.Ж.Қуанышбаев пен Әдеп-құқық менторы М.Е.Сарсебаевтың ұйымдастыруымен "Жасөспірімдер арасындағы бопсалаушылық және Заң алдындағы жауапкершілік", "Ғаламтордағы қауіпті аккаунттар және әлеуметтік желідегі қауіпсіздік" тақырыптарында ұлдар жиналысы өткізілді. Шара барысында жасөспірімдер арасындағы бопсалаушылық мәселесі және қауіпті аккаунттардың түрлері, оларды қалай анықтауға болатыны, әлеуметтік желілерде қалай қауіпсіз
"Қыздар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың, ерте жүктіліктің және келеңсіз жағдайлардың алдын алу"
11
февраль
2025
"Қыздар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың, ерте жүктіліктің
"Балауса" қыздар ұйымы жұмысына сай 11.02.2025 күні қаламыздағы "Жастар денсаулық орталығы" мен "Салауатты өмір салтын насихаттау орталығы" мамандары, Тұтқабаева Сандуғаш Ерікқызы мен Бейсенбаева Кенжегүл Мұхитқызы келіп, 8-10 сынып қыздарымен "Қыздар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың, ерте жүктіліктің және келеңсіз жағдайлардың алдын алу" тақырыбы бойынша жиналыс өткізді. ​https://www.instagram.com/p/DF8HcGsJ4bb/​​​
"Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың, наркотикалық заттарды тасымалдаудың алдын алу"
08
февраль
2025
"Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың,
Мектебімізде 07.02.2025 күні жоғары сынып оқушыларымен "Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың, наркотикалық заттарды тасымалдаудың алдын алу" тақырыбында профилактикалық жиналыс өткізілді. Білім алушыларға тақырыпта көрсетілген келеңсіз жағдайлардың алдын алу бойынша және көзделген жауапкершілік туралы түсіндіріліп, жан-жақты ақпарат берілді. Аталмыш шараны өткізгендер: ДТЖ орынбасары Қ.Ж.Қуанышбаев пен "Әдеп-құқық" жұмысы жөніндегі ментор М.Е.Сарсебаев.
“Тұлғаның қалыптасуы: тәуелсіздік құқығы”
07
февраль
2025
“Тұлғаның қалыптасуы: тәуелсіздік құқығы”
“Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы”: 9-11 сынып ата-аналарымен “Тұлғаның қалыптасуы: тәуелсіздік құқығы” тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріс жүргізген физика пәнінің мұғалімі Гүлнар Исембаева. Мақсаты:баланыңтәуелсіздігіменөзінедегенсенімділігін қалыптастыруға ата-аналардың дайындығын қалыптастыру. Міндеттері: 1. ата аналардың баланың өмірлік жетістігінің шарты ретінде тәуелсіздігін қалыптастыруға деген ұмтылысын дамыту; 2. жасөспірімнің ата-анасынан дер кезінде қиындықсыз бөлініп
STEM кабинетіндегі құрылғылармен жұмыс жасау
06
февраль
2025
STEM кабинетіндегі құрылғылармен жұмыс жасау
Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы 18 орта мектеп-лицейінде жаңадан ашылған STEM кабинетіндегі құрылғылармен жұмыс жасауды үйрете отырып, мектебіміздің ұстаздарымен өзара тәжірибе алмасу мақсатында қаламыздағы “Назарбаев зияткерлік” мектебінің ұстаздары тәжірибе алаңын өткізді. Назарбаев мектебінің ұстаздары өз білгендерімен бөлісіп, әр құрылғының жұмыс жасау технологиясын көрсетті. https://vk.com/club89659902?w=wall-89659902_5127
Профилактикалық кездесу өткізілді
05
февраль
2025
Профилактикалық кездесу өткізілді
Жетісу облысы білім басқармасының тапсырмасы бойынша үстіміздегі жылдың 05 ақпан күні, «Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі» КММ-де, Талдықорған қаласының білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасында келеңсіз жағдайлардың орын алмау мақсатында 8 -11 сынып оқушылары арасында құқық қорғау мамандары және Жетісу психологиялық орталығының мамандарының қатысуымен профилактикалық кездесу өткізілді. Аталған іс-шараға Жетісу облыстық психологиялық қолдау орталығының
Бокстан Республикалық чемпионатта ІІІ орын!
04
февраль
2025
Бокстан Республикалық чемпионатта ІІІ орын!
Қостанай қаласында бокстан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында мектебіміздің 8а сынып оқушысы Айырмасов Дарын ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
"Адал ұрпақ" жетекшісі оқушылармен дөңгелек үстел өткізді
04
февраль
2025
"Адал ұрпақ" жетекшісі оқушылармен дөңгелек үстел өткізді
"Адал ұрпақ" жетекшісі Гүлдана Бейсенбай оқушылармен дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды