Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Педагогтердің IT құзыреттіліктерін дамыту және жетілдіру» тақырыбында тәжірибе алаңы ұйымдастырылды
22
октябрь
2021
«Педагогтердің IT құзыреттіліктерін дамыту және жетілдіру»
«Тәлімгерлік тәжірибеде» жобасы аясында Талдықорған қаласының орта мектептерінің жас мамандары үшін «Педагогтердің IT құзыреттіліктерін дамыту және жетілдіру» тақырыбында тәжірибе алаңы ұйымдастырылды. Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің білікті ұстаздары өз тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда: 1. «Күнделік kz» мүмкіндіктері. Тілеубек Серікбол Тілеубекұлы, информатика пәнінің мұғалімі, информатика магистрі. 2. «Онлайн мектеп» платформасының тиімділігі. Курманбаева Айдана
"Оқу-жаттығу дабылы"
19
октябрь
2021
"Оқу-жаттығу дабылы"
2021 жылғы 19 қазан "Құтқарушылар күні" мерекесі аясында мектебімізде төтенше жағдайлар кезіндегі зақымдану мен тасаттықтың алды алу мақсатында кезекті "Оқу-жаттығу дабылы" шарасы ұйымдастырылды. Оқу-жаттығу аясында мектеп ғимараттарынан 500 жуық адам қауіпсіз аймаққа шығарылып, жедел жәрдем көрсету жаттығулары көрсетілді.
"Табиғат - өмір бесігі, тәрбие бастауы"
17
октябрь
2021
"Табиғат - өмір бесігі, тәрбие бастауы"
2021 жылдың 11 - 15 қазан аралығында мектебімізде "Табиғат - өмір бесігі, тәрбие бастауы" тақырыбында экологиялық тәлім сағаттары апталығы өткізілді. Апталық аясында тәрбие сағаттары, пікір-талас ойындары, дөңгелек үстел өткізілсе, 10-11 сыныптар арасында эссе жазылып, үздіктері бағаланды. Мақсаты: Оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмнің құрамдас бөлігі ретінде дұрыс экологиялық дүниетанымды қалыптастыру. Тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты, сондай-ақ адам сияқты өмір
«Қайырымды істер марафоны» жалғасуда
16
октябрь
2021
«Қайырымды істер марафоны» жалғасуда
«Қайырымды істер марафоны» аясында мектеп ата-аналары мен мектеп ұжымының демеушілігімен «Балаға қамқорлық» ұранымен 2021 жылдың 1 маусым мен 2021 жылдың 15 қазан аралығында 42 оқушыға 787 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.
«Білім беру ұйымының үздік жоспары – 2021» байқауында ІІІ орын!
11
октябрь
2021
«Білім беру ұйымының үздік жоспары – 2021» байқауында ІІІ орын!
«Талдықорған қаласы білім бөлімі» ұйымдастырған, қала мектептері арасында өткен «Білім беру ұйымының үздік жоспары – 2021» байқауында мектеп басшысы Шалқар Мелісұлы бастаған командамыз екінші мәрте жүлделі IІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жеңістен жеңіске жете берейік!
“Қыз болашағы, ұлт болашағы”
07
октябрь
2021
“Қыз болашағы, ұлт болашағы”
Мектебіміздің "Балауса" қыздар ұйымының жоспарына сай 6-7 сынып қыздарымен мектеп психологтары Б.Ерғожа, Д.Көкежанова, педагог-ұйымдастырушы Б.Тайыржан бейнеролик көрсету арқылы “Қыз болашағы, ұлт болашағы” тақырыбында жиналыс өткізіп, қыз тәрбиесі, қыз бала мен ананың, қыз бала мен әкенің, қыз баланың басқа да адамдармен қарым- қатынасы жайлы, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу шаралары жайында ашық әңгіме жүргізді. Қыздар өз ойларымен бөлісіп, мазалаған сұрақтарына жауаптарын алды.
"Жасөспірімдер арасындағы құқыбұзушылық және зиянды әдеттер", "Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық"
06
октябрь
2021
"Жасөспірімдер арасындағы құқыбұзушылық және зиянды әдеттер",
2021 жылдың 06 қазан күні жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектептің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушыларымен "Жасөспірімдер арасындағы құқыбұзушылық және зиянды әдеттер", "Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық" тақырыптарында ашық алаң жиналысын өткізді. Аталмыш жиынға қалалық полиция департаментінен полиция аға лейтенанттары Г.Сәкенова мен Е.Нусиповтар қатысты. Шара барысында полиция қызметкерлері сөз алып,
«Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік»
03
октябрь
2021
«Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік»
Қазанның бірінші жексенбісі - Ұстаздар күні. Кәсіби мереке қарсаңында мұғалімдердің мерейін асырып, еңбегін бағалау дәстүрге айналған. Осыған орай 01.09.21 күні Жанаргүл Сағымжанқызы мен Айнұр Жұмағазықызының жетекшілігімен 11 сынып оқушылары мерекелік концерт ұйымдастырды. Мектеп директоры Шалқар Мелісұлы кәсіби мерекемен құттықтап, бірқатар ұстаздарды түрлі дәрежедегі Құрмет грамоталарымен марапаттады. Өнерлі оқушыларымыз әннен шашу шашып, мың бұрала билеген бишілер өнерлерін ортаға салды.
Ардагер ұстаздарды құттықтады
02
октябрь
2021
Ардагер ұстаздарды құттықтады
Мектебіміздің "Жас Ұлан" ұйымы мен "Тамшы" еріктілер клубы мүшелері, кадет сыныбы оқушылары және мұғалімдеріміз Ұстаздар күні мен Қарттар күні аясында ардагер ұстаздарды айтулы мерекелерімен құттықтап шықты. Осы игі шара жылдың соңына дейін жалғасын таппақ...
"Өзін-өзі басқару күні" ұйымдастырылды
02
октябрь
2021
"Өзін-өзі басқару күні" ұйымдастырылды
Мектебіміздің "Жас Ұлан" ұйымының мүшелері, 10 сыныптың оқушылары Ұстаздар күніне орай 01.10.21 күні "Өзін-өзі басқару күнің" ұйымдастырды. Мақсаты: Жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау, дербестікке, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Мұғалім мамандығын насихаттау. Көшбасшылық дағдыларын қалыптастыру.